Қыту әдістемесі



бет90/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

6.2.1. Жас мұғалімге ескертпе 1. Бүтін тақырыптың оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтаңыз.

  1. Осы сабақта солардың қайсысын шешесіз, әрі бұл сабақ материалының мәні неде екенін ойластырыңыз.

  2. Сабақты өткізу бойынша әдістемелік құралдармен танысыңыз.

  3. Оқулықтың әдістемелік міндеттерін мұқият зерттеп ойластырыңыз және сабақтың міндеттері мен тақырыптың сәйкестігін ойластырыңыз.

  4. Жалпы оқу-тәрбиелік процесі және оның ең маңызды бөлігі сабақ педагогикалық психологияның және дидактиканың объективті заңдылықтарына бағынатынын естен шығармаңыз.

  5. Осы сабақта қандай біліктілікті және дағдыларды бекітетініңізді шешіңіз.

  6. Жаңа материалды терең меңгеруге барлық қайталаулар өткізіп, қарастырыңыз.

  7. Сабақта қолданылатын барлық әдіс-тәсілдер, оқыту құралдары, сабақ композициясын нақты таңдау – мұның бәрі сіздің шығармашылығыңыз болады.

  8. Берілген пәннің өзегі болатын негізгі білімдер туралы, пәнаралық байланыстарды ұмытпаңыз.

  9. Пән бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы – сіздің басты бағдарыңыз болсын. Білім, білік, дағдының бағалау нормасын тек сіз ғана емес, оқушылар да білуге тиіс.

  10. Сабаққа дайындығыңыздың көрсеткіші – оқушылардың үйге берілген тапсырманы орындауы.

  11. Өз сабағыңызды тек қана бүкіл сыныпқа ғана емес, жеке оқушыларға да «өлшеуге» тырысыңыз. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды қалай жою, қателіктерді жібермеуді ескеру, жеке оқушыға назар аудару – мұның бәрі білімнің терең және берік болуының негізгі шарттары болып табылады.

  12. Мына өткізілетін сабақтар, өтілген тақырыптардың жүйесімен тығыз байланысты болуы керек. Әр сабақ аяқталған бүтін, бірақ оқыту және тәрбиелеу процесінің бөлігі болсын.

6.3. Үй жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары
6.3.1. Үй жұмысының формалары
I. Жаңа материалды меңгеру сабағына1

  1. оқулық материалын оқу және мазмұндап айтып беру;

  2. суреттер, сызбалар арқылы сабақ тақырыбын ары қарай қарастыру, мына сабақта оқытылатын оқу материалымен танысу; 3) қосымша әдебиеттерден оқу материалын жинастыру.

II. Жалпылау сабағына

  1. мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауаптар;

  2. мұғалім берген жоспар мен тапсырмалар бойынша жауапқа дайындалу;

  3. жоспар бойынша дайындық немесе қандай да бір тақырып бойынша жауаптар жоспарын өздігінен жасау;

  4. мәтінде негізгі және қосымша материалды ерекшелеу;

  5. сынып жұмысында берілген жағдайларға ұқсас, өздігінен жағдайларды дәлелдеу жұмыстары:

  6. тақырып бойынша қосымша материалдар жинау.

III. Білімді қолдану сабағына

  1. практикалық жұмыстар (құралдар, карточкалар, кестелер) дайындау;

  2. сыныпта қарастырылғанға ұқсас есептерді шығару;

  3. стандартты емес есептерді шығару;

  4. пәнаралық байланысы бар есептерді шығару;

  5. Тапсырмаларды өздігінен құрастыру; 6) жеңіл материалды өздігінен меңгеру; 7) қателермен жұмыс жасау.

IV. Білімді бақылау және тексеру сабақтарына
1) сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру; 2) үйге берілетін бақылау жұмысын дайындау; 3) стандартты емес тапсырмаларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет