Қыту әдістемесі


Үй тапсырмасын беру әдістері



бет91/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

6.3.2. Үй тапсырмасын беру әдістері

  1. Берілген үлгі бойынша үй жұмысын орындау. Карточкадағы үй жұмысына ұқсас тапсырманы орындау (деңгейі төмен оқушыға).

  2. Оқулықтың материалын өздігінен меңгеру. Оқытылатын тақырыптағы негізгілерді белгілеңіз, жауап беру жоспарын құраңыз.

Сабақты айту кезінде жоспармен қолдануға болады.

  1. Ұжымдық үй жұмысы. Берілген тақырып бойынша бірдей дайындықта болған оқушыларды 5-6 адамнан топтарға бөлу. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

  2. Өз қалауы бойынша таңдап алынған үй жұмысы (тапсырмалардың ішінен өзіңіз шығара алатыныңызды таңдап

орындаңыз, бірақ, саны ... кем болмасын);

  1. Нашар оқушыларға берілетін карточкалардың формалары:

6. Тақтадағы сызба беріледі

(деңгейі орташа оқушыларға);

  • сынып жұмысына ұқсас тапсырманы сызба арқылы орындау (деңгейі төмен оқушылар);

  • сызбаға мүмкін болатын тапсырмалар құрастыру, жетіспейтін элементтері болса, толықтыру (деңгейі жоғары оқушыларға).

  1. Жеке үй жұмысы (немесе деңгейі төмен оқушыларға үй тапсырмасының орнына);

  2. Міндетті емес өздік жұмысы, оларды оқушылар сыныптан тыс жұмыс үшін таңдап алады (мысалы, бір аптаға);

  3. Жаңа жағдайларда немесе бақылау жұмысында жіберілген қателіктерді түзету үшін өз білімдерін өздігінен қолдану жұмысы.

6.3.3. Үй жұмысын тексеру әдістері 1. Үй тапсырмасын сыныпта талдау:
а) оқушы тақта алдында үй жұмысын орындайды, онымен қатар
шешу кезеңдері бойынша жаппай сұрақтар қойылады;
б) оқушылар кезекпен (сатылы) есепті шығарады. Жаппай түрде
орындау тәртібі сұралады;
в) үй жұмысына ұқсас тапсырманың шешімін тақтаға жазу; шешім жабық тұрады. Тапсырманы орындау реті, жаппай сұраудың барысында, тақтадағы жабық тұрған шешім біртіндеп ашылып отырады.
2. Көптеген оқушыларда №… орындалмаған немесе қате орындалғаны анықталса:
а) тапсырманы мұғалім оқушылардың көмегімен тақта алдында
орындайды, мұғалім көмекші сұрақтарын қойып отырады;
б) осы сияқты, тапсырманы тақтаға шақырылған оқушы орындайды, шешу жолын мұғалімнің сұрауы бойынша оқушылар өз орнынан айтып отырады.
3 Оқушы тақтаның алдында есептің немесе мысалдың шешуін жазады. Кез келген жерінде мұғалім оны тоқтатып, басқа оқушыдан сол тапсырманы жалғастыруын сұрайды және т.б.
4. Кеңесшілердің көмегімен сыныпта үй жұмысының бары немесе жоғы, орындау дұрыстығы тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет