6.4.1. Сабақты жалпы талдау нұсқалары 1-нұсқа 1. Басты мәліметтер: күні, сынып, мектеп, мұғалімнің аты-жөні. Оқу бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.
Компьютермен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздігі мен санитариялық-гигиеналық нормаларын сақтау.
Сабақтың құрылымы. Сабақтың басты бөлімдері, мақсаты мен ұзақтығы. Өз-өзін басқарумен және мұғаліммен басқарудың бірлігі. Жеке, жұптық, топтық және сыныптың бірлесіп жұмыс істеуі.
Материалды қайталау мен бекіту кезеңдері, әдістері.
Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаттары, оларға жету.
Сабақ мазмұнын мектеп оқулығының материалымен салыстыру.
Сабақ мазмұнын жалпы дидактикалық принциптер бойынша бағалау:
▪ ғылымилығы – сабақта информатикадағы жаңа жетістіктерді есепке алу (орындаушы ұғымы, синтаксистік диаграммалар,
алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу және т.с.с.);
▪ көрнекілік – графикалық ақпаратты, алгоритмдердің орындалу кестесін, шегінісі бар текстердің жазбаларын және т. б. қолдану;
▪ бірізділігі – оқылатын материалдың логикалық қисындылығы, баяндаудың үзілмеуі, қиын ұғымдардың қайталануы,
циклдігі;
▪ тәжірибемен байланысы – мазмұны жағынан компьютерлік қоғамдағы өмірге бағытталған, қолданбалы тапсырмаларды пайдалану.
Сабақтағы мұғалімнің іс-әрекетінің әдістері. Оқушыларды сабаққа дайындалуға баулу. Есептеу техникасын сабақ басында (немесе оған дейін) дайындап қою. Мұғалім өзін еркін ұстауы - оның материалды жақсы білуінде. Маңызды сұрақтарға жауап беру сәті (сабақ барысында немесе соңында). Оқуды жекелендіру – дәрежесі әртүрлі тапсырмалар, жақсы оқитын оқушыларды нашар оқитындарға көмектесуге баулу және т. б. Тақтада, бағдарламада, есепте қатені тапқандағы оқушының зейінін, әректін тұрақтандыруға арналған мұғалімнің тәсілдері.
Материалға деген ынтаны қалыптастырып бекіту әдістері. Оқушылардың ойлау әрекетін ынталандыру. Тапсырмалардың шығу түбі (кітаптан, басқа әдебиеттен, сабақ барысында мұғаліммен ойлап шығарылуы). Сабақта қолданылған басқа да танымал және стандартқа сай келмейтін оқыту әдістері.
Сабақтағы оқушылардың жұмысы. Оқытылып жүрген материалға деген қызығушылық дәрежесі. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігі. Ұғынудың саналылығы – ЭЕМ-дегі жұмыс істеудің маңыздылығын ұғыну. Қол жетімділігі – терминологияның стандарттылығы, сыныптың дайындық дәрежесін есепке алу, ұғыну дәрежесін белгілеу.
Оқытудың нәтижелілігі – оқу уақытының қанықтылығы, жат материалдың болмауы, таңдау оңтайлығы. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы: авторитарлы, либеральды, бірге қызмет ету. Сабақтағы оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі – есептеу техникасына деген қарым-қатынасы, компьютермен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтауы. Көмекші материал, компьютер, оқулықтардың көмегімен өз бетінше білім ала білуі керек.
Кері байланыс. Әр мұғалімнің білімді бақылау жүйесі. Компьютердің көмегімен білімді тексеру – бақылау бағдарламалары, бағдарламаны іске қосқаннан бастап өзін бақылау, жолдаспен өзара бақылау. Білім бағасының объективтілігі. Мұғалім бағасының критерийі (олар оқушыларға белгілі ме?). Осындай бақылау жүйесін автоматтандыру мүмкіндігі. Үй тапсырмасының еңбек уақытын бағалау (өзіңіз орындап, уақытты өлшеңіз).
Сабақтың тәрбиелік мәні. Оқушыларға бағыт бола алатын мұғалім тұлғасының мінез-құлық белгілері мен ерекшеліктері. Сіз байқап қалған тәрбие әдіс-тәсілдері.
Қорытынды:
▪ сабақ жоспарының орындалуы;
▪ сабақтың мақсатына жетуі;
▪ сабақтың айырықша қызықтысы және өнегелілігі;
▪ не нәрсе сабақта аса үлкен әсер қалдырды;
▪ осы тақырыпқа қайтадан сабақ өткізгенде қандай
өзгертулерді енгізу орынды; ▪ сабақты бағалау.