Қыту әдістемесі


Сабақ барысын және тиімділігін бағалауға арналған нұсқаулар



бет97/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

6.4.2. Сабақ барысын және тиімділігін бағалауға арналған нұсқаулар
Оқушылардың жауап беруін бақылағанда мына кездерге көңіл бөлуді ұсынуға болады:

  1. қандай формада жауап беру жүргізілді (жеке немесе фронтальды, ауызша, жазбаша немесе зертханалық);

  2. таңдалған жауап беру формасының бағасының оңтайлығы;

  3. сабақтың басқа кезеңдерінің арасында сұрауды жасау кезі дұрыс анықталды ма?;

  4. сабақ барысында жауап сұрауға кеткен уақыт дұрыс бөлінді ме?

  5. жауап алудың мақсаты нақты қойылды ма (жаңа тақырыпқа көшу, білімді тексеру, іскерлігін тексеру);

  6. ол толық іске асырылды ма?

  7. мұғалім жауап алудың оқытушылық қасиетін қамтамасыз етуге тырысты ма?

  8. барлық оқушылардың оған белсенді қатысуы;

  9. қателіктер іскерлі түрде түзетілді ме және оған оқушылар қатысты ма?

  10. бағалар қаншалықты объективті түрде қойылды және дәлелді түрде негізделді;

  11. басты ұғымды меңгеруге қалай көңіл бөлінді?

  12. жауап беру жоспарының қисындылығына?

  13. білімнің беріктілігіне және оны тәжірибеде қолдана білуіне көңіл аудару.

Сабақтағы жаңа материалды оқу барысын бақылағанда мынаған көңіл бөлу керек:

  1. оқушылар алдында сабақ тақырыбын оқудың басты міндеттері қойылды ма және қаншалықты нақты және анық қойылды?

  2. оқу материалы мазмұндамасының қолжетімділігі;

  3. ондағы бастысы, нақтысы белгіленді ме және оған оқушылардың көңілі тұрақтандырылды ма?

  4. жаңаны оқу қарқыны оңтайлы ма?

  5. оқушылардың жаңа материалды ұғу дәрежесі түсіндіру барысында тексеріліп отырды ма? Жаңа материалды бекіткенде мынаған көңіл бөлу керек:

  1. берілген тақырыптағы ең басты ұғымды меңгеруге таңдалған жаттығулар қатыстырылды ма?

  2. жаттығуларды орындау барысында оқушыларға сараланған көмек көрсетілді ме?

  3. жақсырақ дайындалған оқушыларға қосымша тапсырмалар;

  4. типтік қателіктер мен қиындықтар кездесті ме? Олардан құтылу жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет