6.4.2. Сабақ барысын және тиімділігін бағалауға арналған нұсқаулар Оқушылардың жауап беруін бақылағанда мына кездерге көңіл бөлуді ұсынуға болады: қандай формада жауап беру жүргізілді (жеке немесе фронтальды, ауызша, жазбаша немесе зертханалық);
қателіктер іскерлі түрде түзетілді ме және оған оқушылар қатысты ма?
бағалар қаншалықты объективті түрде қойылды және дәлелді түрде негізделді;
басты ұғымды меңгеруге қалай көңіл бөлінді?
жауап беру жоспарының қисындылығына?
білімнің беріктілігіне және оны тәжірибеде қолдана білуіне көңіл аудару.
Сабақтағы жаңа материалды оқу барысын бақылағанда мынаған көңіл бөлу керек: оқушылар алдында сабақ тақырыбын оқудың басты міндеттері қойылды ма және қаншалықты нақты және анық қойылды?
ондағы бастысы, нақтысы белгіленді ме және оған оқушылардың көңілі тұрақтандырылды ма?
жаңаны оқу қарқыны оңтайлы ма?
оқушылардың жаңа материалды ұғу дәрежесі түсіндіру барысында тексеріліп отырды ма? Жаңа материалды бекіткенде мынаған көңіл бөлу керек: берілген тақырыптағы ең басты ұғымды меңгеруге таңдалған жаттығулар қатыстырылды ма?
жаттығуларды орындау барысында оқушыларға сараланған көмек көрсетілді ме?