Қыту әдістемесі


Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары



бет99/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

6.5. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары
Зертханалық жұмыс. Тақырыбы «Информатикадан күнделікті сабақ жоспары»
Мақсаты:

  1. сабақ конспектісіне қойылатын негізгі талаптарды анықтау;

  2. информатикадан өтілген материал және оқулықтар негізінде сабақ жоспарының конспектісін құрыңыз.

Таңдаған тақырып бойынша бір сабақтың жоспарын құрыңыз. Жоспар құрғанда төмендегі сабақ элементтерін енгізіңіз:

  • жаңа тақырыпты оқып үйренуге дайындаушы жаттығулар

жүйесі ;

  • жаңа материалды түсіндіргенде тарихи деректер мен проблемалық жағдайларды (ситуация) пайдалану;

  • сабақта материалды алғашқы бекіту, өзіндік жұмыстың кезкелгенін жүргізу;

  • сабақтың кез-келген кезеңінде рөльдік ойындарды қолдану; - үйге тапсырма және оған түсінік беру; - сабаққа дайындалуға қажетті әдебиеттер.

Сабақ конспектісін құру.

  1. Күнтізбелік жоспардан кез-келген сабақты таңдаңыз.

  2. Төмендегі сабақ конспектісін құруға арналған нұсқауды пайдаланып сабақтың жоспар-конспектісін құрыңыз.

Формальды – бейнелеуші бөлігінде: сынып, уақыты, сабақ № , сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты, сабақтың түрі, пайдаланылатын құралдар, сабақ кезеңдері мен олардың ұзақтығы көрсетілген сабақ жоспары болуы керек.
Мазмұндық бөлігінде: оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын жоспарланған талаптар; оқу материалының толық баяндалуы; барлық тапсырмалар, есептер, жаттығулардың нақты шешімдері болуы керек.
Мұнда көрсетілуі керек:

  1. үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілетіні (үй тапсырмасының жаңа тақырыпты оқып үйренуге себепші болуы, ал тексеру оқытушы сипатта болғаны дұрыс);

  2. кімнің, қандай сұрақтар бойынша сұралатыны;

  3. сыныппен қандай фронтальды жұмыс жүргізілетіні ; 4) жаңа материал қандай түрде хабарланатыны :

  • кіріспеде не айтылуы керектігі;

  • мұғалімнің не туралы айтатыны, оқушылардың нені

орындауы керектігі;

  • мұғалімнің қоятын сұрақтары және оның жауаптары ;

  • қолданылатын көрнекі құралдар, қашан, қалай көрсетілетіні;

  • қандай қорытынды жасалынатыны, жұмыстың нәтижесінде оқушылардың нені игеретіндігі;

  1. сабақта өткен материалды бекіту қандай түрде жүргізілетіні, оқушылардың жаңа материалды түсінгендігін қалай анықтауға болатыны және оның бұрынғы өткен сабақпен байланысы;

  2. егер өзіндік жұмыс жүргізілетін болса, оның мазмұнының қандай болатыны, оны өткізуге қажетті нұсқаулар жасауға болатыны, тексерудің қалай жүргізілетіні;

  3. үйге қандай және қашан тапсырма берілетіні, оған қандай түсініктеме берілетіні;

  4. сабақты қорытындылау (сабақта қандай жаңа нәрселер үйренгендігі, сыныптың және жекелеген оқушылардың жұмысына мінездеме беру).

Әдебиеттер:

  1. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  2. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. –

Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с
1-қосымша

  1. кесте. Сабақтың тиімділігін сандық бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет