Мұғалімнің кәсіптік әдістемелік дәрежесін жалпы түрде сіз қалай бағалайсыз? (керектісін белгілеңіз, астын сызыңыз) (өте жоғары, жоғары, орташа, орташадан төмен, төмен)
2-нұсқа Оқу мекемесі, сынып, оқу пәні, мұғалімнің аты-жөні, тізім бойынша оқушылар саны және сабаққа қатысып отырғандардың саны.
Сабақтың тақырыбы, білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары және сабақтың міндеттері.
Сабақтың бастамасын ұйымдастыруы:
мұғалімнің сабаққа дайындығы – конспектісі немесе толық сабақ жоспарының болуы, көрнекілік оқу құралдары және т. б.;
оқушылардың дайындығы – кезекшінің, дәптерлердің, оқулықтардың, оқу құралдарының және т. б. болуы;
сынып бөлмесінің дайындығы – тазалық, сынып тақтасы, бор, жарық және т. б.
4. Сабақтың құрылымын ұйымдастыруы:
сабақты жұмылдыра бастауы;
бірізділігі, сабақ бөлімдерінің арақатысы және өзара байланысы;
сабақтың толықтылығы және өткізу қарқындылығы т. б.
5. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын саралауы:
оқу материалын сабақта таңдалған реттілікпен жүзеге асыруын мұғалімнің негіздеуі;
пән бойныша оқушылардың білім дәрежесіне және
бағдарламаға сай болуы;
практикалық және теориялық материалдың арақатынасы; өмірмен, тәжірибемен және т. б. байланысы.
6. Сабаққа деген жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптар:
сабақтың мақсаты және сабақ жоспары мен конспектісінің қойылған мақсатқа сай келуі;
оқыту әдістерін таңдау дәлелдемелері;
оқудағы дидактикалық принциптерді жүзеге асырудың жолдары;
оқудағы жекелендіру мен саралау;
сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік аспектілерінің өзара байланысы.