6.3.4. Жас мұғалімнің өз сабағын өзі талдау үлгісі Сынып Сабақ тақырыбы Сабақтың түрі және оның құрылымы.
Осы сабақтың тақырыптағы орны қанадай? Бұл сабақ алдағы сабақпен қалай байланысты, мына сабақтарға әсері қанадай?
Сыныптың қысқаша психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Сабақты жоспарлау кезінде ескерілген оқушылардың ерекшеліктері.
Сабақтың үшбірлік мақсаты қандай (оқытушы, дамытушы, тәрбиелік), оның табысты іске асуына баға беру.
Сабақ мақсатына сәйкес сабақ мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау. Негізгі кезеңді бөліп алу және сабақтың қорытындыларына сүйене отырып оған талдау жасау. Жаңа материалды түсіндіру үшін оқытудың қандай әдістер үйлесімдері қолданылды?
Сабақтың барлық кезеңіне уақыт тиімді бөлінді ме, дұрыс қолданылды ма? Осы кезеңдер арасындағы байланыс логикалық тұрғыға сәйкес келе ме? Басқа кезеңдердің негізгі кезеңге қалай әсер еткенін көрсету.
Мақсатқа сай дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды таңдап алу.
Оқытудың топтық, ұжымдық және басқа формаларын қолдану. Оқытуға сараланған түрде қарау.
Оқушылардың білімді, білікті және дағдылы меңгеру деңгейін бақылау қалай ұйымдастырылды? Сабақтың қай кезеңдерінде, қандай түрде және қандай тәсілдер қолданылады? Оқушылардың білімін реттеу және түзету қалай ұйымдастырылды?
Сабақтағы психологиялық және эмоционалды жағдай; мұғалім мен оқушылардың сөйлесу стилі.
Үй жұмысын түсіндіру деңгейі.
Сабақтың қорытындыларына қандай баға бересіз? Сабаққа қойылған міндеттер толықтай орындалды ма? Орындалмаса, неліктен?
Өз болашақ іс-әрекетіңізді болжаңыз.
Жас мұғалімге өз сабағын өзі талдауға ескертпеӨзіңізді өзіңіз талдау жасауға дағдыландырыңыз.
Мына сұрақтарды ескеруге тырысыңыз:
1. Оқу дағдылары мен біліктілікті қалыптастыру жұмысы:
оқулықпен жұмыс;
сөздік пен анықтамаларды қолдану;
оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу қабілетін
дамыту;
оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекетін өздік бақылау; өздік жұмыс.
Қанша оқушы өздік жұмысын орындай алмады?
Оқушылардың білімдерінде жіберілген қателіктерді қалай жойдыңыз?
Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау жоспарға сәйкес жүргізілді ме? Мыналарды ескердіңіз бе:
жаппай сұрауларды жүргізу басым болған жоқ па?
оқу-тәрбие үрдісін ықшамдау үшін қандай көрнекі құралдарды қолдандыңыз және қашан?
сұрау жұмысына қайталауды кіргіздіңіз бе? Жүйелі түрде жасайсыз ба?
төмен және жоғары деңгейлі оқушыларды сұрау жұмысының деңгейі қандай?