Ыту теориясы мен технологиясы



бет11/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2. Бейнелеу өнерінің тарихы.
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады. Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады. Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі – өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді. Ежелгі Египетте сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес, схемалар мен белгілі канондарды көшіруге құрылды. Суретті оқыту барысында суретші педагогтар оқушыны табиғатты оқып үйрену мен бақылауға үйретуге емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі шаблондық ережелерін жаттап алуға негізделді. Ежелгі Грек суретшілері шәкірттерін өмір шындығын оқып үйренуге, ондағы әсемдікті таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс–адам деп таныды. Олар өмір қатал заңдылықтарға бағынған, сұлулықтың мәні симметрия, жеке бөліктердің, тұтас форманың гармониясына, дұрыс математикалық қатынастарға біріктірілетіндігін көрсетті. Сикион мектебін Панфил басқарды. Панфил сурет салуға, жалпы білім беретін пән ретінде мән беріп, оны барлық Грек мектептеріне кіргізуге көп күш салды. Панфилді суреттің оқыту курсы 12 жылға созылды. Гректің суретіші-педагогтары өз оқушыларын табиғатты бірізділікпен оқып үйренуге, сұлулықты бақылауға, сұлулықтың мәнін түсінуге шақырды. Грек суретші педагогтары бірінші рет нұсқаға қарап, сурет салуға негізделген, сурет салуға оқыту әдісінің негізін қалады. Грек суретші педагогтары суретті оқытудың тәрбиелік мәніне көп көңіл аудару қажеттігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет