3. Кескіндеме теориясының негіздері.
Суретші түс арқылы салатын затының қасиеті мен формасын, сапасын бере алады. Түс арқылы ой, көңіл-күй мен сезім де беріледі.Түстер жайлы ғылымның суретшіге берері көп. Түрлі түстер ерекшелігін жақсы білу үшін оны кескіндемеде, сәндік өнерде пайдаланып, суреттер салу қажет. Түстер мен түрлі түсті реңктердің пайда болуын ежелгі Грецияның оқымысты ғалымы Аристотель зерделеп, түсінугше әрекет еткен. Жарық жоқ жерде біз ешқандай түсті көре алмаймыз. Күн сәулесінде түстердің барлық толқынының құрамы бар. Ақ түстер көп қырлы шыны призма арқылы өтіп, құрамды бөліктерге жайылады, бұл спектр деп аталады.
Түстердің саны белгілі: бар болғаны жетеу-ақ. Ал, бірақ әр түсте қанша реңк бар, оны санап шығу еш мүмкін емес. Табиғаттың бояу байлығын жақсылап ұғыну үшін дүниеге дұрыстап зер сала білуге үйренуіміз керек.
Түс шеңберінде бір–біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр, тағы басқалар.
Бейнелеу өнері–бұл фигуралар мен заттардың, түс бояулары мен заттардың өзара үйлесімі. Композиция суретшінің ойын мәнерлеп беруде маңызды.
Композициядағы ерекше әдістер қозғалысты бейнелеуде әсер етеді. Композиция арқылы суретшінің ойы негізінен жүзеге аса алады.
Композициядағы ерекше ережелер арқылы суретші фигураны қай жерге орналастырған жөн, қандай көлеңке түсіру керек, үйлесімділік заңдылықтарын ескеруі қажет.
Композиция–салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты.
Композицияда суреттің маңызы зор. Суретте салынатын заттың формасы, кескіні пайымдалып, жоспарланады. Сурет; қалам, қарындаш, қылқалам, бояу, көмір арқылы орындалады.
Сызықты-құрылымдық сурет, балаларға көріністегі бейнені дұрыс құруға, заттың қалпын дәл көрсетуге мүмкіншілік береді.
Заттың қалпының құрылымдық ерекшеліктерін көріп түсіне білу оңай нәрсе емес, ол үшін жақсы дағдының болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |