4. Кескіндемедегі колорит және тон.
Суретші түс арқылы салатын затының қасиеті мен формасын, сапасын бере алады. Түс арқылы ой, көңіл-күй мен сезім де беріледі.
Түстер жайлы ғылымның суретшіге берері көп. Түрлі түстер ерекшелігін жақсы білу үшін оны кескіндемеде, сәндік өнерде пайдаланып, суреттер салу қажет. Түстер мен түрлі түсті реңктердің пайда болуын ежелгі Грецияның оқымысты ғалымы Аристотель зерделеп, түсінугше әрекет еткен. Жарық жоқ жерде біз ешқандай түсті көре алмаймыз.
Күн сәулесінде түстердің барлық толқынының құрамы бар. Ақ түстер көп қырлы шыны призма арқылы өтіп, құрамды бөліктерге жайылады, бұл спектр деп аталады.
Спектр түстері белгілі бір жүйелілікпен орналасады.
Бұл түстерді шеңбер ішінде осы ретпен орналастырып шықса, қызыл түс пен күлгін түстер бір-біріне жымдасып қабысады. Бұл-түстік шеңбер болып табылады.
Сурет салуға үйрену үшін бояуларды нақты түстер мен аралық түстерді, түс аралық реңктерді ажырата білу қажет. Спектрдің негізгі түстері: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
Түстердің саны белгілі: бар болғаны жетеу-ақ. Ал, бірақ әр түсте қанша реңк бар, оны санап шығу еш мүмкін емес. Табиғаттың бояу байлығын жақсылап ұғыну үшін дүниеге дұрыстап зер сала білуге үйренуіміз керек.
Бояумен жұмыс істегенде түстерді бір-бірімен үйлестіре отырып сурет салады. Түстердің бір-бірімен дұрыс үйлестірілген түрі түстік рең дейді.Түстік реңдер жылылау, суықтау, қызғылттау, көгілдір-сарылау, тағы басқа түрлеріне бөлінеді.
Түс шеңберінде бір–біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр, тағы басқалар. Композиция–туындының жалпы құрылымы, түпкі түйінді ой айқындалатын барлық элементтердің жиынтығы. Композиция «латын тілінен аударғанда «үйлесу», «қосарлану», «жарасу» деген ұғымдарды береді.
Бейнелеу өнері–бұл фигуралар мен заттардың, түс бояулары мен заттардың өзара үйлесімі. Композиция суретшінің ойын мәнерлеп беруде маңызды.
Композициядағы ерекше әдістер қозғалысты бейнелеуде әсер етеді. Композиция арқылы суретшінің ойы негізінен жүзеге аса алады.
Композициядағы ерекше ережелер арқылы суретші фигураны қай жерге орналастырған жөн, қандай көлеңке түсіру керек, үйлесімділік заңдылықтарын ескеруі қажет.
Композиция–салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты.
Композицияда суреттің маңызы зор. Суретте салынатын заттың формасы, кескіні пайымдалып, жоспарланады. Сурет; қалам, қарындаш, қылқалам, бояу, көмір арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |