Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі


ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар



бет45/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынандәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды. Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. A. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің «Капитан қызы» атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды. Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Далъ сегіз жылға таяу, 1833—1841 жылдары тұрып, еңбек етті. В.И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы дa көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен «Майра», «Түнгі күзетші» сияқты бірнешеәңгіме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет