Iv. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе



бет1/11
Дата14.10.2023
өлшемі1 Mb.
#185389
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ерітінділер


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультет: «Жаратылыстану ғылымдары»
Кафедра: «Экология және Химия»

Оқу тәжірибесі




Тақырыбы: «Ерітінділер теориясы. Нормальды концентрациялы ерітінділерді даярлау»
Орындаған:6В01512-Химия мамандығы
1 курс студенті Орынбасар Шұғыла
Қабылдаған: Техн.ғ.к,
ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г. Н.


Жоспар
Кіріспе
I.Теориялық бөлім
1.1 Ерітінділер, жалпы түсінік
1.2 Ерітінділер концентрациясы

  • массалық үлес (проценттік концентрация)

  • молярлы концентрация

  • моляльды концентрация

  • нормальды концентрация

1.3 Ерітіндінің нормальды концентрациясына есептер
II.Тәжірибелік бөлім.
2.1 Концентрленген H24 ерiтiндiсiнен: қышқылдың 2H 250 мл ерiтiндiсін даярлау.
2.2 0,1Н Al2(SO4)3 200мл ерiтiндiсін даярлау.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Ерітінділердің адам баласының тіршілік әрекетінде,өмірінде маңызы аса зор.Химиялық процеспен байланысты өндіріс салаларының барлығында дерлік ерітінді пайдаланылады.Адам және жануар,өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды,мысалы,астың ішіндегі қоректік заттар организмге сіңу үшін ерітіндіге айналуы керек, организмдегі қан, лимфа сияқты сұйықтар ерітіндіге жатады.
Ерітінді дегеніміз екі немесе одан да көп компоненттерден (құрамдас бөліктерден) тұратын қатты немесе сұйық біртекті жүйе.Ерітінді еріген заттан және еріткіштен тұрады. Еріткіш деп жеке күйінде де ерітіндіде де бірдей агрегаттық күйде болатын және еріген затқа қарағанда көп мөлшерде болатын ерітіндінің құрам бөлігін айтады.Ерітінділердің біртекті болуы оларды химиялық қосылыстар қатарына жақындатады. Ал айырмашылығы ерітінді құрамы құрамы өзгермелі болады.Сонымен бірге химиялық қосылыстарда байқалмайтын жеке компоненттерінің көп қасиеттері ерітінді де кездеседі.Сондықтан, ерітінділер механикалық қоспа мен химиялық қосылыстар аралығынан орын алады.
Қатты заттың сұйықтықта еруін қарастырамыз.Белгілі бір зат кристалын суға салайық.Қатты заттың сыртқы бетіндегі молекулалар тербелмелі қозғалыс салдарынан және судың полюсті молекулаларының әрекетінен біртіндеп үзіліп шығып жатады.Үзіліп шыққан молекулалар диффузия әсерінен еріткіштің бойына біркелкі болып араласады.Бұл процесс заттың толық еруіне дейін жүрмейді,себебі оған қарама-қарсы кристалдану процесі жүеді.Еріген зат молекулалары әрі еріп болмаған қатты заттың кристалымен түйісіп,кей жағдайда соның бетіне тартылып қонып та жатады.Кейіннен еру жылдамдығы мен кристалдану жылдамдықтары теңеседі.Яғни уақыт бірлігі ішінде қанша молекула ерісе,сонша молекула ерітіндіден кристалл бетіне қонады.
Ерімеген зат еріген зат




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет