Римнің атақты шешені Цицерон Геродотты «Тарих атасы» деп атаған.
Савроматтар «биік таулардың бауырында» (Орал тауы) тұрған аргиппейлермен көрші болған.Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың киізбен жауып, соның астында паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе, оны ешкім ренжітпейді, бұл халықты аргиппей деп атайды».
-Геродоттың хабарлауынша «арима»-«бір», «спа»-«көз», «шеңбер» деген мағына береді
Сақтардың моншасы туралы: « Сақ азаматы мәйітті жерлегеннен кейін арнайы монша жағады. Олар үш діңгекті бір-біріне түйістіріп, оның үстін жабады. Үйдің ортасына қыздырылған тастары бар мыс ыдыстар қояды. Ол тасқа арнайы шөптер салынып лашықтың ішін түтінге толтырады. Түтін араласып ысыған лашықтың ішінде сақтар басын жуып, ал денесін моншаның буымен тазартады. Мұндай моншадан кейін олардың денесі жылтырап тұрады» деген мәлімет қалдырған.
-Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис (Анарыс) туралы дерек қалдырған