Ежелгі деректердің бірінді: « егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған тәуелді болады.Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады» деп жазады
Халық жиналысына ерлермен бірге әйелдер де қатысуға құқылы болған.
4. Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар-малшылар құрады
Діни түсініктер
-Сақтарда діни нанымдар мен ғұрыптардың негізгі бағыты ата-баба аруағына сиыну болып табылады
-ежелгі көшпелілердің дүниетанымы анимизм түрінде болды.
-сақтар ру-тайпалардың шығу тегін түрлі аңдармен байланыстырды. Аңдар олардың қорғаушысы, жанындағы бойтұмары ретінде болды
-Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есіктен табылған «Алтын адамның» бас кейімінде бейнеленген:
Мұндағы ою-өрнектер үш бөлікке бөлінген.Құстар-аспан әлемі; тау мен жануарлар- жер әлемі; ағаш тамыры- жер асты әлемі.
Баскиімнің алдыңғы жағындағы қанатты аттар тылсым күштен қорғаушы болса, төрт алтын жебе дүниенің төрт бұрышындағы патша билігін ұлықтайды.
Жылқыны күнмен және отпен байланыстырады. Қанатты аттар күн қозғалысын білдіреді
Алтын-Күннің түсі. Патшаларын ерекше дәріптеп, Күн тәріздес құдай дәрежесіне теңеген.
-Ежелден көшпелілер әлем бағытын бетін шығысқа бұрып тұрып анықтаған.
Адамның маңдай алды- шығыс
Арқасы-батыс
Оң қол жағы- оңтүстік
Сол қол жағы- солтүстік болып есептелген.
-сақтардан бері көне түркілерге дейін күншығысқа ерекше мән берген:
Сақтар мен ғұндар тәңірге, ата-баба аруағына арналған діни рәсімдерін күншығысұа қарап жасаған
Көне түркілер тас мүсіндерінің бетін шығысқа қаратып орнатқан, қазақстар да киіз үйдің есігін шығысқа қаратқан
-адамның өмірін Күн, Аймен теңестіріп қарастырған.
Күннің шығуы мен Айдың тууын адамның дүниеге келіп өмірдің басталуымен байланыстырған
Күннің батуы мен Айдың жіңішкеріп жоғалуын өліммен байланыстырып, қайтыс болған адамды жерлегенде басын батысқа қаратып қойған.
Ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі
-Белгілі қазақстандық антрополог О.Смағұлов үндіирандық сақтардың арғы тегі андрондықтар екендігін дәлелдеп шықты.
-Сақтар еуропеоидтық нәсілге жатқанымен, оларда андрондықтарға қарағанда еуропеоидтық белгілер көмескіленді. Моңғолоидтық белгілер пайда бола бастады.
-Моңғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында аздау кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |