Қыздармен кездесу Тақырыбы: «Қыз бала психологиясы»



бет5/5
Дата01.01.2022
өлшемі32,29 Kb.
#107453
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (4)

5.«Есесіне мен…» жаттығуы

Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру. Сонымен бірге өз – өздерін бағалау деңгейлерін арттыру.

Нұсқау:Қыздар қанекей мінсіз адам болмайды демекші, өзіміздің қолымыздан келмейтін істі не болмаса бір мінімізді айтып, бірақ есесіне мен... деп сөйлемді жалғастырамыз.

Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»



Менің бойым аласа, бірақ та…

6. «Өрмекші торы» жаттығуы.


Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру .

7. Қорытынды бөлім.
«Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/


- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет