-ереже: Әділ болыңыз: әр түрлі жастағы балаларыңызбен әңгімелескен кезде олардың айырмашылықтарын айтпаңыз. Басқа балаңыз жасаса кешіре алмайтын қылықтарды жасаған өзге балаңызды бетімен жібермеңіз
9-ереже: Әділ болыңыз: әр түрлі жастағы балаларыңызбен әңгімелескен кезде олардың айырмашылықтарын айтпаңыз. Басқа балаңыз жасаса кешіре алмайтын қылықтарды жасаған өзге балаңызды бетімен жібермеңіз.
Есіңізде болсын: өзінің есейгендігін білдіру үшін қызбалықпен мүлде ойламайтын нәрсесін – сізді жақсы көрмейтінін, жек көретінін , т.с.с айта салуы мүмкін. Бұның эмоциялардың әсерімен, қызбалықпен айтылғандығын ескеріңіз. Бұдан асығыс қорытынды шығармаңыз және байбалам салып дүрлікпеңіз.
10-ереже: Жасөспірімдерге жіберген қателіктерін айтып отырыңыз. Көптеген ата-аналар егер аналар мен әкелер тым қатал болса, балалары «жақсы көрмей кетеді» немесе оларға ренжиді деп қорқады. Бұндай тактика әдетте тілазарлыққа немесе бақылаудың жоғалуына әкеледі. Салғырттық зиянды.
Егер ата-ананың ашуы немесе жазалауы лайықты болса, олар өте қажет. Бұл шаралар балаға қателерін көрсетеді және өмір сүруге үйретеді. Барлық ата-аналардың ықпал ету әдістері әр түрлі. Ұрып-соғу арқылы жазалауға жол беруге болмайтындығы түсінікті. Бірақ жақсы ата-ана нақты осы балаға ненің ерекше тиімді әсер ететіндігін анық біледі. Алайда, қандай жағдай болса да жазалау шарасы есте қалуы керек. Алғашында бала ата-анасымен келіспеуі де мүмкін, бірақ есейгесін, бала оларды міндетті түрде түсінетін болады.
Жазалауды немен алмастыруға болады?
* Сабырмен. Бұл ата-аналарда болуы мүмкін ең үлкен ізгі қасиет.
* Түсіндірумен. Балаға неліктен оның мінез-құлқының дұрыс емес екендігін түсіндіріңіз, бірақ барынша қысқа сөйлеңіз.
* Көңіл аударумен. Балаңызға өзіне ұнайтын ол үшін тартымды нәрсе ұсынуға тырысыңыз.
* Асықпай. Ұлыңызды немесе қызыңызды жазалауға асықпаңыз – теріс қылық қайталанғанша күте тұрыңыз.
* Марапаттармен. Бұрыннан дәлелденген: олар жазаға қарағанда тиімдірек.