* Араласатын ортасы жөніндегі жағдайды айқындау үшін, баламен айқайсыз, балағатсыз, жазғырусыз жақын тартып сөйлесу қажет. Сіздің ашуыңыз жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін, жасөспірімдер әу бастан барлығына, соның ішінде сізге де ерегісіп қарсы әрекет етеді; сіздің қатты ашуыңыз оның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге құштарлығын күшейте түседі, баланы одан сайын желіктіреді.