4-КЕҢЕС. Балаңыздың жаңа ортасы туралы жеке және объективті пікір қалыптастыру мүмкіндігін алу үшін, балаңыздың жаңа ортасындағы балалармен танысуға тырысыңыз. Олармен еркін сөйлесу үшін, қонаққа шақырыңыз, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырыңыз. - Егер жасөспірім ата-анасының достарымен жақын танысқандығын қаламаса, жаңа достарын үйіне әкелгісі келмесе, бұндай жағдайда сырттай таныстықпен шектелуге тура келеді. Баланың оның достары туралы әңгімелерін мақтаңыз, оның пікіріне құлақ түріңіз.
- Бастысы, қандай да бір жағымысыз қылықты байқаған кезде «Сенің досың өте жаман, осылай істеуге бола ма екен! Ал сен онымен достасасың, қатты сыйлайсың – олай етуге бол ма?» деген сөздерді айтпаңыз.
- Есіңізде болсын: тек сіздің жеке талғамыңызға сай болмағандықтан ғана ұлыңыздың, қызыңыздың, және олардың достарының қылығын сынап пікір айтуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |