Отбасы, туған үй жасөспірім үшін өзін қауіпсіздікте және қорғанышта, сүйіспеншілікте сезінетін орын болуы тиіс. Ал ата-аналар кез келген сәтсіздікте оны түсінуге және қабылдауға шыдамы мен ақылы жеткілікті адамдар болуы қажет.
Баламен жақсы байланыс – кез келген жастағы басты тәрбие құралы.
Жасөспіріммен осындай игілікті байланысты қалай орнату керек?Ата-ана ұстанымында бастысы – дұрыс ниет, жасөспірім кезінде өзінің басынан өткен тәжіриебені пайдалана білу және лайықты қарым-қатынастың басты ережелерін мұқият сақтау.
1-ереже:
Дұрыс ұстанымды таңдаңыз.
Жасөспірім сіздің кез келген кеңесіңіз бен бұйрығыңызды сөзсіз қабылдайды және оны тез арада тілалғыштықпен орындайды деп күтпеңіз. Алдын ала ол бағынады және тілалғыш болады деп күтсеңіз, және сіз ойлағандай болмай шықса, стреске душар боласыз.
Керексіз проблемалар мен жанжалдарды туындатпас үшін, өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.