3-КЕҢЕС. Баланың жаңа ортасына қатысты уақытынан бұрын байбалам салмаңыз. Жағдайға толық қанығыңыз. - * Араласатын ортасы жөніндегі жағдайды айқындау үшін, баламен айқайсыз, балағатсыз, жазғырусыз жақын тартып сөйлесу қажет. Сіздің ашуыңыз жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін, жасөспірімдер әу бастан барлығына, соның ішінде сізге де ерегісіп қарсы әрекет етеді; сіздің қатты ашуыңыз оның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге құштарлығын күшейте түседі, баланы одан сайын желіктіреді.
- * Сіз баладан ұрыспай, тілектестікпен жаңа ортада олар уақытты қалай өткізетіндігін, не туралы сөйлесетіндіктерін, ол үшін бұл қарым-қатынастың болашақта маңызы қандай екендігін сұрағанда, сіздің уайымыңыз бекер болып шығуы және балаңыздың жаңа достары сіз ойлағандай жаман балалар болмай шығуы әбден мүмкін.
- Әрине өз ойларыңызда сіз өз пікіріңізге сүйенуіңіз керек. Бірақ сіз өзіңіз жеке білмейтін адамдар туралы үстірт пікір айту дұрыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |