5-КЕҢЕС. Сіздің жасөспірімнің кіммен араласу керектігін шеше алмайтындығыңызға қарамастан, балаңыздың санасына достар таңдаудағы дұрыстыққа күмәнмен қараушылықты дарыту қолыңыздан келеді, бұған күмәніңіз болмасын.
Мәселен, егер жасөспірім бұзақылардың ортасына түссе, байқатпай, әдейі жасағандай болмай мұның болашақта неге әкелу мүмкін екендігін көрсетуге кеңес беріледі. Үстелдің үстіне қолға түскен қылмыскер туралы жазылған газетті қалдырып кетіңіз, бірге осындай сюжеті бар ғибратты фильмдер көріңіздер.