білімділік- оқшау сөздердің оқшауланып тұру себептерін анықтау, олардың түрлерін бір-бірінен ажырата білу;
дамытушылық-өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру;
тәрбиелік-тіліміздегі оқшау сөздердің табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу, халықтың бар болмыс- бітімі оның тілінде екендігіне көз жеткізу;
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ, жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі
Сабаққа арналған үлестірмелі кеспелер, оқулық, компьютер
Әдіс-тәсілдер
сұрақ-жауап, әр түрлі ойын түрлері, жарыс, мәтін құрастыру.
Күтілетін нәтиже
Жаңа сабақты меңгереді, өз беттерінше жұмыстана біледі, ой қорытады, пікір айта біледі;
Сабақтың барысы
6 кезеңнен тұрады: Ұйымдастыру, мағынаны ашу, қорытындылау, бағалау, кері байланыс, үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Психологиялық кезең: Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан сендер қазір бір-бірлеріңмен әр тілде амандасыңдар. «Амандасу»