Сәндік қолданбалы өнер арқылы ою-өрнек композиясын құру.
Ж О С П А Р
І.Кіріспе.
Бейнелеу өнері бойынша оқыту
жұмыстары
ІІ.Негізгі бөлім:
а). Ою-өрнек түрлерімен таныстыру
ә) Ою-өрнекті орналастыруды үйрету
б) Ою-өрнектердің түстері
ІІІ. Қорытынды:
Оқушыларды ізденімпаздыққа ұлттық өнерді танып білуге, оны насихаттауға тәрбиелеу, қолөнердегі ою-өрнек туралы толық мағлұмат беру, өрнектерді бұйымдарда қолдана білуге үйрету және эстетикалық талғамдарын арттыру.
Оқушыларға ою-өрнек элементтерін шеңбер, төртбұрыш, ромб ішіне жүйелі құрудың әдіс-тәсілдерін үйрету.
Ою-өрнектерді геометриялық пішіндер ішіне үйлесімді етіп орналастыру және өрнек түстерінің үйлесімділігін табу
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Күтілетін нәтиже
Көркем- шығармашылық қабілет баланың психикалық органдарын дамытады, өнерге үйренуіне бейімдейді. Сондай-ақ көркем шығармашылық қабілет оқушының мәдени тынығуын алдын ала анықтап, оларды теріс орта әсерлерінен сақтайды, біртұтас қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.
Жануарлар тектес ою - өрнектер өрнектер
мүйіз
қосмүйіз
қыңыр мүйіз
табан
қаз мойын
Өркеш
қошқармүйіз
маралмүйіз
Өрмекші
тырнақатар
ҚАЗМОЙЫН
ТЫШҚАН ІЗ
ботамойын
Ғарыштық (космогендік) өрнектер
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады
шеңбер
шимай
төртқұлақ
шұғыла
жұлдыз
айшық
бітпес
аймүйіз
жұлдызша
Геометриялық ою-өрнектер
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Геометриялық ою-өрнектер
төртүшкүл
балдақ
қармақ
шынжыр
тұмарша
ирек
Өсімдік сипатты ою-өрнектер
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдарды нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
ағаш
үш жапырақ
Өткізбе
гүл
жауқазын
шиыршық
жапырақ
Керамика, ағаш, киім, тері, тоқыма өнерлері
Қазақтың ұлттық қамзолы мен шапаны
Өрнектердің түстеріне сипаттама
Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Қорытындылай келе қазақ халқының өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Соның ішінде ою-өрнекке айрықша мән берген. Оның түрлері де атаулары да аз емес. Сонымен ою-өрнек – қазақ халқының тұрмыс –тіршілігінде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі.