Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ. Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асаубаева Құралай Болатқызы Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары бойынша рефлексивтік есеп



Дата04.07.2018
өлшемі25,97 Kb.
#46726


Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асаубаева Құралай Болатқызы

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары бойынша рефлексивтік есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын 6 б сыныбы оқулығының ХХ ғасыр әдебиеті тарауындағы М.Мағауин мен Д.Исабеков шығармашылығы бойынша жасадым. Ортақ тақырыпты «ХХ ғасыр әдебиеті» деп алдым.

Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, орта мерзімді жоспарды жоспарлауда сындарлы оқытудың жеті модулін ықпалдастырдым.Орта мерзімді жоспарды жасау барысында барлық оқушымда оқуға қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім беру үшін Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» теориясын басшылыққа алдым. Себебі оқушы оқу үдерісіне өз-өзін ынталандырып, ұмтылып, қызығушылығы пайда болып белсенді қатысқанда ғана материалды терең игере алады.

Жоспардың мақсаты СМАРТ мақсатқа сәйкес нақты,қолжетімді және іс-әрекетке,шындыққа негізделген.Себебі, сабақ барысында оқушылар М.Мағауин мен Д.Исабековтің өмірі, шығармаларымен танысады,повестерін талдайды,өзіндік ой-пікір айта біледі,шығармашылық жұмыстар жасайды. Шығарма кейіпкерлерін топта талдайды, шығарма тақырыбы мен идеясын біледі. Шығарманың композициялық құрылымы мен құрылысына талдау жасай біледі.Ұлттар достығы мен отбасылық құндылық туралы біледі. Ол қысқа мерзімді жоспардың мақсатын жоспарлауыма негіз болды. Көмекші ретінде Блумның етістіктерін қолдана отырып, қысқа мерзімді жоспардың мақсатын құрдым.

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда жеті модульді кіріктіріп, сабақта қолдануға, ықпалдастыруға және оқытудың танымдық, әлеуметтік, эмоциялық аспектілерін орнымен ұштастыруға тырыстым. Оқушыларды топқа біріктіру тәсілдерін әр сабақтың мақсатына сәйкес болуына барынша назар аудардым. Сабақтар барысында оқушылар топқа бірігіп,топ ережесін,топ мүшелерінің міндеттерін түсініп орындайды.Сабақты тиімді өту үшін жаңа тенологияларды қолдана отырып,топтық,жұптық,жеке тапсырмалар беремін.Сыни ойлауын дамыту мақсатында «Ой шақыру» арқылы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесін өтетін сабағымның басында Ұлы Отан Соғысы туралы видеороликті оқушылар көреді, жаңа тақырыптың не туралы болатындығын өздері табады.Бұл әдісті Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінен үзіндіні өтер кезде де (Дермене өсімдігі туралы видеоролик көрсету) қолдануды тиімді деп есептеймін. «Бір атаның балалары» повесіндегікейіпкерлер, шығарма тақырыбы, идеясы» атты сабағымда оқушылар «Мағынаны тану» стратегиясы арқылы шығарманың тақырыбы мен кейіпкерлеріне талдау жасайды.Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінен өтілген сабақты пысықтау мақсатында «Түйінді ой» стратегиясын,ал «Шығармадағы ата мен немере» сабағымда жаңа сабақты бастар алдында «Ашық сұрақ» әдісін қолданамын.Мұнда оқушылар шығарма төңірегінде бір-біріне сұрақ қойып,жауап алады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатын. Сабақ барысында оқушылардың диалог арқылы оқыту негізінде жұптық, топтық тапсырмалар қарастырылған.Себебі әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениеті басты назарда болады, диалог арқылы тілдесім әрекеті жақсы дамиды. Бұл орайда «Шығармадағы ата мен немере» сабағымда «Мен-саған, сен-маған», М.Мағауин «Бір атаның балалары» повесін өткен кезде сабақты қорытындылауда«Мұғалім-оқушы-мұғалім» әдісін қолданамын.



Сабақ барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға арнайы тапсырмалар құрастырдым.Ол «Миға шабуыл», «Ой шақыру»,«Түйінді ой», «Тұлғаны таны», «Ашық сұрақ» сияқты әдіс-тәсілдерімнен көрініс табады. Білім сапаларын жоғарылату мақсатында оқушылармен жекелей, жұптық,топтық жұмыстардың алатын орны ерекше. Себебі, жекелей және жұптық жұмыс кезінде оқушылар өздерінің жазылым, айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіреді. Оқушылардың өзіндік пікірлерін ортаға салып, ойын ашық жеткізуге бағыттайтын, өзара оқытуды жүзеге асыратын «Әңгіме талдау кестесі», «Джигсо», «Сыр сандық», «Кейіпкерге хат», «Суреттеу», «Ой толғау» сияқты әдіс-тәсілдерді М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі мен Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінөткен кезде сабақ барысында қолданамын.Сол арқылы оқушылардың ойын еркін айта да,жаза да білуіне ықпал етемін. Жоспарлау үдерісінде тағы бір ескеретін мәселе, сыныптағы барлық оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру. Соған сәйкес, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру мен жеке жұмыстарды кіріктіре қолдануды да назарда ұстау қажет деп таптым. Тақырыпқа сай визуал аудиал оқушылардың қажеттіліктеріне қатысты жұмыс түрлерінқолданамын деп жоспарлап отырмын. Шығарма талдау барысында белгілі бір тапсырмаларды бере отырып, есте сақтау дағдыларын қалыптастырып, өздеріне ойлануға мүмкіндік беремін. Дарынды, талантты және үлгерімі төмен оқушыларға арнайы сараланған тапсырмалар да жоспарда қарастырылған. Оны «Бес жолды өлең», «Сатылай кешенді талдау», «Екі жақты күнделік»,«Сурет салу», «Сәйкестендіру» тапсырмаларынан байқауға болады. Сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын жетілдіруде М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі мен Д.Исабековтің «Ата үміті» повесін өткен кезде әр мәтінді түбегейлі талдап болған соң сыныптағы кейбір дарынды балаларға жоғары деңгейлі сұрақтар қойып отырамын. Нәтижесінде сынып оқушылары өтілген тақырып төңірегінде өз қөзқарастары мен пікірлерін еркін және өмірмен байланыстыра айта алады. Оқушылардың оқуының табыстылығын арттыру мақсатында бағалау негізгі рөлге ие болғандықтан, бірнеше бағалау әдістерін жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Олар бағалау парақшасы,өзара бағалау, смайлик арқылы бағалау, өзін-өзі бағалау әдістері әр тапсырманы орындау барысында көрініс табады.

Тиімді кері байланыс - әрбір сабағымыздың табысты өтуіне өте үлкен ықпалын тигізетін түйінді фактор. Кері байланыс орнату мақсатында және оқушылардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын анықтау үшін«Допты қағып ал», «Білім ағашы», «Қазына тау», «Екі жұлдыз,бір тілек» әдістерін сабақтың өн бойында қолдануды жоспарлап отырмын.Бұл әдістер барысында оқушылар өздерінің жұмыстарына баға беріп, дұрыс немесе бұрыс жерлерін өздері анықтай алады және өз көзқарастарын дәлелдеп, негіздеп айтуға дағдыланады деп ойлаймын. Оқушыға болсын, сабаққа болсын, мұғалімге болсын дұрыс айтылған, тиімді жеткізілген сын сол айтылған қателіктердің қайталанбауының алдын алады. Сонымен бірге мұғалімнің де алда өткізетін сабағына жүйелі де мазмұнды жоспар жасауына септігі мол.

Қорыта келгенде, Шульман көрсеткен мұғалімнің «үш көмекшісі», яғни құзырлы мұғалімге тән белгілер: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби-өнегелік тұтастық (бас, қол, жүрек) болған жағдайда оқыту табысты, мақсаты нәтижелі болады деп өз ойымды түйіндеймін.


ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ


САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫ:XX ғасыр әдебиеті


Бұл сабақтар аясында не туралы сөз болады: ХХ ғасыр әдебиеті өкілдері М.Мағауин мен Д.Исабековтің өмірі,шығармашылығы.


Пән бойынша оқу мақсаты: Сабақ барысында ХХ ғасыр әдебиеті өкілдері М.Мағауин мен Д.Исабековтің өмірі,шығармашылығы туралы біледі.Оқушылар түрлі ақпарат көздерін пайдаланады, өз бетінше жұмыс жасайды,топтықтапсырмаларорындайды,көрші топтардың жұмыстарын тыңдап, ұсыныстар мен кемшіліктер айта біледі.

Қысқаша шолу:М.Мағауин мен Д.Исабековтің өмірі,шығармашылығы туралы,шығармаларының тақырыбы мен идеясын біледі.




Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсат(тар)ы

Мұғалім мен оқушылардың әрекеттері


Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету

Бағалау


Ресурстар


1

М.Мағауин «Бір атаның балалары» повесінен үзінді.

М.Мағауиннің өмірі, шығармаларымен танысады,повесін талдайды,өзіндік ой-пікір айта біледі,шығармашылық жұмыстар жасайды.

Топқа біріктіру. Достық,Татулық,

Бірлік сөздеріне байланысты 3 топқа бірігеді.



«Ой шақыру». Ұлы Отан соғысы туралы видеоролик көру арқылы жаңа тақырыпты табады.Оқушылар жаңа тақырыпты біледі.

Тұлғаны тану. Топтастыру.

Интертақтадан М.Мағауиннің суреті шығады.Оқушылар автор туралы айтады,өмірі,шығармалары туралы топтастыру жасайды.



Джигсо.«Бір атаның балалары» повесінен берілген үзіндіні мүғалімнің нұсқауы бойынша 3 бөлікке бөліп оқиды,өзге топтарға түсіндіреді.

Сыр сандық. Сөздікпен жұмыс жасайды,дәптерлеріне жазады.

Диалог.Мұғалім-Оқушы-Мұғалім диалогі.

Әңгіме кестесі.Сатылай кешенді талдау жасайды,интертақтаға жазады.

Түйінді сөз.Тақырыпқа саймақал-мәтел айтады.

Үлгерімі нашар оқушылар автор туралы топтастыру жасайды.

Дарынды оқушылар жазушы туралы тың деректер,мәліметтер жинайды.Сатылай кешенді талдау жасайды.


Бірін –бірі бағалау


Бағалау парақшасы

Өзін-өзі бағалау

Бірін –бірі бағалау


Автор суреті, оқулық, АКТ

2

Повестегі кейіпкерлер, шығарма тақырыбы, идеясы

Шығарма кейіпкерлерін топта талдайды.

Шығарма тақырыбы мен идеясын біледі.



Топқа біріктіру. Стикерлер арқылы бірігеді.

Миға шабуыл.Диалог құру.Проблемалық бағыттаушы сұрақтар ұсынылады,оқушылар ауызша жауапбереді.

Мағынаны тану. «Бір атаның балалары» повесі бойынша «Кейіпкерлерді тану» кестесін толтырады.

Шығармашылық сәт. Үш топэссе,хат,суреттеу жазады.

Үлгерімі нашар оқушылар тақырыпқа сай сурет салады.

Үздік оқушылар өз достарына мінездеме жазады.



Смайликтер арқылыбағалау
Бағалау парақшасы Кері байланыс беру«Білім ағашы»

Оқулық, үлестірме сұрақтар, кестелер

3

Д.Исабеков «Ата үміті»повесінен үзінді.

Автор өмірімен танысады. Шығарманы талдайды.

Сыныпқа жағымды ахуал туғызу.

Топқа біріктіру.Мақал-мәтелдер арқылы топқа бірігеді.

Қызығушылықты ояту. «Дермене» шөбі туралы видеоролик көрсету.Сол арқылы оқушылар жаңа тақырыпты табады.

Жеке жұмыс.Д.Исабеков туралы және«Ата үміті» повесінен үзіндіні мұғалім нұсқауы бойынша бөліп оқиды.

Топтық жұмыс.Топта оқығандарын талдайды,бір-біріне айтады.

Топтастыру.Үш топ «адамгершілік», «ата», «немере» сөздеріне топтастыру жасайды.

Түйінді ой.Ашық сұрақтарға жауап.

Үлгерімі нашар оқушылар мақал-мәтелдер айта біледі,оқулықтан автор туралы мәліметті оқиды.


Үздік оқушылар мәтінді оқып,талдайды, ашық сұрақтарға жауап береді.

Саусақпен бағалау.
Бағалау парағы.
Кері байланыс

«Допты қағып ал»

«Қазына тау»


Мақал-мәтелдер жазылған парақшалар. Автор суреті.

Оқулық.


4

Шығармадағы ата мен немере

Отбасылық құндылық туралы біледі.

Топқа біріктіру.Ата,немере сөздері арқылы 2 топқа бірігеді.

«Мен-саған,сен-маған» әдісі

Ашық сұрақтар қояды



Түйінді сөз.Топпен жұмыс жасайды.Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазады.(оқулықпен жұмыс)

Бейнеролик. Көрген ролик туралы,ондағы түйінді ой туралы пікір алмасады.

«Хат жазу».Жеке жұмыс жасайды.

Әр бала өз аталары мен әжелеріне хат жазады.(дәптермен жұмыс)



Үлгерімі нашар оқушылар «Бес жолды өлең»
Үздік оқушылар

ата,немере туралы эссе,хат жазады.





Бірін – бірі бағалау

«Екі жұлдыз бір тілек»

Саусақпен бағалау.


Кесте, оқулық,

Видеоролик.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет