Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №204 Ы. Алтынсарин атындағы мектептің



Дата22.08.2017
өлшемі26,12 Kb.
#24313
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, №204 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кати Мейрамкүл Катиқызы
Коучинг жоспары Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары


Тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Мақсаты:

Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49

Оқу нәтижесі:

Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-2 парақтары, стикер, А4 парақтары, маркер, қалам

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Акт


1.Аудио жазбаны тыңдап, өзінше жалғастыру

2.Суреттерді топтастыру

3.Алты қалпақ


Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Аудио жазбаны тыңдап, өзінше жалғастыру, топтастыру

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 бет

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу


Игі даналық сөздер жазылған таныстырылым көрсету. Бала тәрбиесі жөніндегі игі сөздер арқылы ой қозғау.


Ұлт аттарымен топтарға бөлу

Дәстүрлері, ұлттық құндылықтары бойынша кеспе қағаздар беру. Үстел үстіндегі әр түрлі сипаттамасы жазылған парақшаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді

«Ақ орамал» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастыру.


1.Жазғандарын оқыту

2.Әңгіменің қалған жерін тыңдату

3.Салыстыру. Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады


Суреттерді тақырып бойынша бөлу

1.Көліктерді жеке қоғамдық

2.100 жыл, 50-25 жыл, 25 жыл бұрынғы

3.Жұмысымен таныстыру.

Критериалды бағалау

Белгіленген уақыт ішінде А-2 парағына топтастыру

Әр топ «қонаққа бару» тәсілімен қорғайды



Көбелек көрсетілімі

Көбелек көрсетілімін талдау арқылы пікірталас

Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды. Әр топ өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.


Қорытындылау

«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?

Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау. Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз жазып, идеяларын қорғайды.



Ақпарлама:

Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет беру. Сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

Рефлексия:

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не стикерге жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет