Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі



Дата21.07.2017
өлшемі95,4 Kb.
түріСабақ



Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектеп

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Айтбембетова Жансая Сайлаубекқызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп Мерзiм 12.02.2015жыл №22

Тақырып Мейірімділік асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық

Мұғалiм Айтбембетова Ж.С. Класс: 3 «В» Оқушылар саны 23




Сабақ мақсаты:

Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру.

Өзін - өзі тану әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпыс қызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.


Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер,

Интерактивті тақта


Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Нұрға бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Ескертулер


  • Дәйек сөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»








  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

1 - оқушы: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.

Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.

Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,

Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.

2 - оқушы: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан

Баспана боп оларға келе жатсың болып нан,

Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.

Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.

3 - оқушы: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,

Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,

Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.

Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.

4 - оқушы. Осының бәрін кішкентайдан үйреткен

Мейіріммен сәбилерге нұр төккен

Біз тілейміз Сара апаға денсаулық





  • Топпен ән айту.


Ұстазым, менің ұстазым

(с. А.Шамкенов, ә. Ә.Еспаев)


Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.


Қайырмасы:Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.
Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Өмірден сыбағасыз өтередім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.


Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім.


Қайырмасы:Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,







  • Соңғы тыныштық сәтi.

Аяулы ана

Күттің бе гүл қызыңды
Алыстан нұр жүзіңді 
Танимын жаулығыңнан желбіреген
Құлыным сағындым деп
Жүрсің-ау жаның жүдеп
Айналдым жүрегіңнен елжіреген

Бойдағы барын берген
Ақ сүтін нәрін берген 
Бақыттың бәрін берген
Аяулы ана!
Үлгі ғой адалдығың
Қуансын анам бүгін
Қымбат қой амандығың

Шаттанып, қуансам да
Жабырқап, мұңайсам да
Жағдайын сен түсіндің жан күйімнің
Болса да өз отбасым
Отаным ошақ қасым
Мен сенің бесіктегі әлдиіңмін





Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет