Чипсиларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар. Мұндай чипсилардың дәмі картоп дәміне мүлдем ұқсамайды, оған көмекке дәмқосарлар мен дәмдеуіш қоспалар, негізінен – натрий глутаматы келеді.Натрий глутаматтың ең дәмсіз деген тағамды оның нақты құндылығын ұмытып тағы да жегіңіз келтіретіндей қасиеті бар. Чипси дайындау үшін кәдімгі картопты пайдаланатын да өндірушілер бар. Алайда көбінесе генды өзгеріске ұшыраған картопты таңдайды, себебі оның түйнегі ірі, тегіс, әрі бұзылмаған болады – оған зиянкестер тиіспейді. Мұндай картопты да сол арзан майға қуырады.
Акриламид – ең қауіпті канцероген, егер де майды дұрыс таңдамай, табаны қатты қыздырып жіберсе үй жағдайында да пайда болады. Бірнеше жыл бұрын чипсидың құрамында акриламидтың туысы глицедамид табылған болатын, ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай, ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.