Қызылорда облысы білім басқармасының



бет2/3
Дата10.10.2023
өлшемі31,84 Kb.
#184571
1   2   3
Байланысты:
ЯКСАРТ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Үйірме міндеттері:

  • Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, мәдениеттану пәндері бойынша алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

  • ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;

  • туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;

  • өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;

  • туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.

«ЯКСАРТ» ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ ҮЙІРМЕСІ МАЗМҰНЫНА ҚАРАЙ:

  • ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ,

  • АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ,

  • ЖАЛПЫ ТАРИХТЫҚ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

«ЯКСАРТ» ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ:

  • ТЕОРИЯЛЫҚ: (әңгімелер, лекциялар баяндамалар, конференция, викториналар, өздік
    жұмыстар)

  • ПРАКТИКАЛЫҚ немесе ТӘЖІРИБЕЛІК: (саяхаттар, жорықтар,
    археологиялық экспедициялар, музей кітапхана тәжірибесі, архив жұмысы)

«ЯКСАРТ» ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ:

  • 4 ПЕН 5 КЕ ТАЛПЫНУ;

  • ТАРИХТАН МОДУЛЬДЕРДЕ 4-ТЕН ТӨМЕН БАҒА АЛМАУ;

  • ҮЙІРМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ НЕМЕСЕ ШЫҒАРУ ҮЙІРМЕНІҢ БАРЛЫҚ МҮШЕСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АШЫҚ ДАУЫС БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ;

  • ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР КАНДИДАТ РЕТІНДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН ӨТЕДІ;

  • ҮЙІРМЕНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫСЫН ҮЙІРМЕНІҢ ЖЕТЕКШІСІ МЕН КӨМЕКШІСІ ЖҮРГІЗЕДІ;

  • ӘРҚАШАН ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕРДІ ІЗДЕП, ЗЕРТТЕП ЖҮРУІ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕРДІ, ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ӨЛЕҢДЕРДІ ЖАЗЫП АЛЫП ОНЫ ТАРИХ КАБИНЕТІНЕ ӨТКІЗІП ТҰРУЫ ТИІС;

ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Дәріс, әңгіме.

  • Экскурсия, саяхат.

  • Кеңес,

  • Әдеби және тарихи қонақжайлар.

  • Қызықты тұлғалармен кездесу.

  • Тарихи ойындар, викториналар.

  • Туған жер тарихына байланысты конференциялар, байқаулар.

  • Мұражайларға бару.

  • Көрмелерді рәсімдеу.

  • Жобалық және зерттеушілік жұмыстар жүргізу.

  • Бейне-презентация жасау.

  • Тарихи оқиғаларға байланысты очерктер, шежірелер жинақтау.

  • «Жас өлкетанушы» зерттеу жұмыстарының байқауы.

  • Интернет-технологияны пайдалану.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет