Ќызылорда облысындаєы


Келінтөбе – канал. Қызылқұмның солтүстік-шығысында, Сырдария алабында. Белгілі бір оқиғаға байланысты қойылған атау. Келінтөбе



бет184/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   203
Келінтөбеканал. Қызылқұмның солтүстік-шығысында, Сырдария алабында. Белгілі бір оқиғаға байланысты қойылған атау.
Келінтөбе – ауыл, округ орталығы. Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, сарсазан, қамыс, құрақ өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан. Іргесі 1964 жылы Түгіскен алқабын игеруге байланысты Келінтөбе каналын (Зұлпыхар Мұсаханов атындағы) салу кезінде қаланды. Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе елді мекенін қамтиды. Ауылдық округ 1993 жылы құрылған. Елді мекен тұрғындары негізінен егін және мал шарушылығымен айналысады. Округтің жалпы жер көлемі 18361 га жерді қамтиды. Аудан көлеміндегі әлі де зерттелмеген бірнеше тарихи төбелердің бірі «Келінтөбе» осы елді мекен жанында орналасқан. Ауылдық округ атауы осы төбеге байланысты қойылған. 1964-1997 жылдары күріш өсіретін «Келінтөбе» кеңшарының орталығы болды.
Келінтөбе – көне қала орны. Сырдария өзеннің сол жағалауындағы Келінтөбе қыстағынан 6-7 км жерде орналасқан. Көлемі - 100х75 м, тік төртбұрышты, биіктігі - 10 м төбе. Қаланың кіреберіс қақпасы шығыс жағында болған. Қала орнын 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зерттеген. Келінтөбе қалашығынан ас дайындайтын, сусын ішетін қыш ыдыстардың сынықтары және азық-түлік сақтайтын күбі, көзелер табылды. Олардың жасалу тәсілдеріне қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. 7-8 ғасырларда өмір сүрген. Егін, мал шаруашылығымен айналысқан.
Кемпірүңгір – үңгір атауы. Қаратау жотасында, бесарық өзенінің бойында орналасқан. Аңыз бойынша, ертеректе жау шапқыншылығы кезінде сол үңгірде тығылып, бір кемпір паналаған екен. Соған байланысты үңгір «Кемпірүңгір» аталып кеткен.
Кеңес – ауыл, Бесарық ауылдық округі құрамында. Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында, Бесарық өзенінің бойында орналасқан. Ауыл 1977-96 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Юбилейный» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Кеңесте шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кеңес дәуірінде қойылған атау.
Көккесене – күмбез, жер атауы. Көккесененің орны Төменарық темір жол стансасының солтүстік күншығысынан 5 шақырымдай жерде, қазіргі «Қожамберді» ауылында. Академик Ә. Марғұлан қаланың атақты болуының себебі, Алпамыс батырдың жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршынның) есімімен аталуында екендігін айтады. Көккесене, тарихи деректерге қарағанда, осы Баршын сұлудың кесенесі екендігін көрсетеді. Көккесене ХІ ғасырларда салжук-Хорезм шах заманындағы сәулет өнері үлгісімен (биік мұнара) тұрғызылған сәулетті күмбез.
Көктөбе – ауыл, ауылдық округ. Аудан орталығынан 110 шақырымдай қашықтықта, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Түркістан» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Көктөбеде шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Көктөбе атауы жердің атына байланысты қойылған, «биік төбе» мәніндегі атау немесе төбе тасы не өсімдігі көк болғандықтан берілген атау.
Ауылдық округ 2004 жылы жаңадан құрылды. Округке қарасты жалпы жер аумағы 3741 га көлемді алып жатыр.
Көлтоған – су қоймасы. Қаратау жотасының батысында, Сырдария алабында. Көктем айларында Ақүйік өзені Сырдарияға құятын болған. Көктемгі тасқын суды жинап, жазда егіншілікпен айналысу үшін 20-ғасырдың басында, шамамен 1920-30 жылдары қолайлы жерден ұзындығы 1 шақырымдай болатын бөгет соғып, үлкен су қоймасын жасаған, оны «Көлтоған» деп атаған. Бұл тоғанды күні бүгінге дейін Бірлік ауылының халқы пайдаланып келеді. «Қолдан жасалған көл» мәніндегі атау.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
tilder -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет