Ќызылорда облысындаєы



бет2/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
СЫРДАРИЯ – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Ертеде грек жазбаларында Яксарт, ортағасырлық араб еңбектерінде Сейхун деп аталған. Басын Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жері Орталық Тянь-Шань сілемдерінен алып, Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы – 2219 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында) – 1400 км. Өзен ағынын реттеп, суын егістік (күріш, мақта, бау-бақша) пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында бірнеше бөгендер мен каналдар салынған. Бойында Шардара, Қызылорда, Қазалы қалалары және көптеген ірі елді мекендер орналасқан. Қ.Өмірәлиевтің пікірі бойынша, Сыр өзені бұрын Силис деп аталған. Сил түркі тілінде, дәлірек айтқанда, осы өңірдегі тайпалар тілінде інжу сөзінің синонимі ретінде қолданылған. Ал дария «өзен» деген иран тілдерінен түркі тілдеріне енген сөз.

ДАРИЯЛЫҚ ТАҚЫР – жазық. Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарындағы (төменгі ағысының көне арнасында жатқан) тегіс жазық. Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жерінде. Жазық Қызылорда облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км-ге созылған, ендік жері – 50 км. Дария – иран тіліндегі дерья – «теңіз», «көл» деген сөзінің тілімізде өзгеріп, қалыптасқан түрі. Орта Азияда және біздің республикамызда бұл сөз «үлкен өзен» мәнін береді. Яғни, атау «аумағы үлкен, ешнәрсе өспейтін жазық» мәнінде қойылған.


ЖАҢАДАРИЯ – Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Сырдарияның Қызылорда қаласы тұсындағы сол жағалауынан басталып, оңтүстік-батысқа қарай Қарақалпақстан жеріне кетеді. Ұзындығы – 680 км, жоғары және төменгі арналарының ені – 50 м, орта тұсы тармақталып 200-400 м-ге жетеді. Тереңдігі – 2-2,5 м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл «орманы» да осы Жаңадария бойында.


ЖАҢАДАРИЯ КАНАЛЫ – Қызылорда облысындағы суғару-суландыру жүйесі. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Жаңадария 1958-68 жылдары іске қосылған, ұзындығы – 592,3 км, оның 535,5-і табиғи арнамен жүргізілген. Су ағыны каналдың бас жағында секундына 50 текше метр. Қуаңдария каналы Жаңадарияның бір тармағы болып келеді. Оның ұзындығы – 436,4 км, су ағыны – секундына 60 текше метр.


ТҰРАН ОЙПАТЫ (Тұран жазығы) – ойпат. Қазақстан мен Орта Азия жерінде, солтүстік бөлігі Қазақстанның бірталай жазық өңірлерін қамтиды. Шығысындағы Бетпақдала – Шу – Іле таулары мен батысындағы Каспий теңізі аралығында, солтүстігінде Мұғалжар, Торғай үстірті, Сарыарқа беткейлерімен шектеседі. Оңтүстік жағы Орта Азияда, Тұран ойпатының көпшілік жері Тұран плитасына сәйкес келеді; бұның палеозойлық негізі (тұғыры) жалпы 1-6 км тереңдікте жатыр, сонымен бірге Маңғыстаудағы Қаратау сияқты құрылым ретінде жер бетінде байқалатын бөліктері бар.


АЩЫКӨЛ – ойыс. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Ол Бетпақдаланың жазықты оңтүстік – батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр, енді жері 25 км-дей. Ащы және көл сөздерінің бірігуінен жасалған. Көл суының ащы, тұзы көп болуына қарай қалыптасқан атау.



Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
tilder -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет