Ќызылорда облысындаєы


Жуаныш – бұлақ. Құланды түбегінде. Кісі есімінен қойылған атау. Жұлдыз



бет36/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   203
Жуаныш – бұлақ. Құланды түбегінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Жұлдыз – көл. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің бойында. Ру атынан қойылған атау.
Жұмбас – тау. Арал қаласынан батыс қарай 53 км жерде. Абс. биіктігі - 178 км.
Жүзгенді – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде. Басында жүзген көп өсетін құдық болғандықтан қойылған атау.
Жыланбас – құдық. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршықұмның батыс бөлігінде. Басында көп өсетін өсімдік атынан қойылған атау.
Жыланды – құм. Арал теңізінің солтүстік–шығыс жағалауында. «Жыланы көп, жылан жиі кездесетін (құм)» мәніндегі атау.
Жыланды – төбе. Арал теңізінің солтүстік–шығысында, Баршақұм өңірінде. Абс. биіктігі - 102 м.
Жыланды – қыстау. Баршақұмның оңтүстігінде.
Жыңғылды - көл. Арал Қарақұмының оңтүстік–батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің аңғарында. «Жыңғылы көп, жыңғыл қалың өскен жер» мәніндегі атау.
Жыңғылтүбек – жер атауы, Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек. Арал теңізінің шығыс жағалауында, Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21,0 км жерде орналасқан. Аумағы – 17854 га. «Жыңғыл қалың өсетін түбек» мәніндегі атау.
Жігер – қыстау. Баршақұмның оңтүстік–батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Жіңішкеқұм – құм. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында. Жіңішке және құм сөздерінен жасалған атау. «Жіңішке алқапты алып жатқан жер, құм» мәніндегі атау.
Жіңішкеқұм – ауыл, Жіңішкеқұм ауылдық округінің құрамында. Арал қаласынан шығысқа қарай 130 км, округ орталығы – Тоқабай ауылынан 110 км жерде, Жіңішкеқұм құмды алқабының шығысында орналасқан. Ауыл 1976-1996 жылдары өзімен аттас кеңшар бөлімшесінің орталығы болып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет