Ќызылорда облысындаєы



бет56/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   203
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША


Қазалы ауданы - Қызылорда облысының батыс бөлігінде, Арал теңізінің жағалауында орналасқан әкімшілік бөлініс. Солтүстік жағында Қарағанды облысы, шығысында Қармақшы ауданы, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектесіп жатыр. Аудан 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы – 3759,7 мың га. Құмды, шөлді, сазды болып келеді. Ауданда 74205 халық тұрады. Демографиялық құрамында 73,6 мың қазақ, 422 орыс, 4 украин, 60 өзбек, 49 татар, тағы басқа оннан астам ұлттар өкілдері бар. Орташа тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді. Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы - Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал Қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал Қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 100-150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді.
1928 жылы Қазақстан жеріндегі әкімшілік-аймақтық бөлініске байланысты Қызылорда және Қазалы уездері таратылып, бұрынғы екі уездің негізінде Қызылорда округі құрылды. Округтік комитеттің Қазалы және Қызылорда уездерін аудандастыру жөніндегі қаулысы бойынша 1928 жылы 12 мамырда республикада алғашқылардың бірі болып, Қазалы ауданы құрылды. 61 жыл бойы уезд орталығы атанып, талай тарихтың куәсі болған Қазалы дербес ауданға айналды.
1940 жылы Қазалы ауданы ауылшаруашылығында жеткен табыстары үшін Бүкіл Одақтық халықшаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысу құрметіне ие болды. Көрмеге қойылған Қазалының атақты қаракүләбісінің даңқы Одақтан асып, шетелдерге жетті. Қазалы қауыны Парижге апарылып көрмеге қойылды. Қатарынан үш дүркін, яғни 12 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінде депутат болған «Қызылту» колхозының төрағасы Қашақпай Пірімов елге танылып, мемлекеттік қайраткер дәрежесіне көтерілген тұсы да осы кез еді.
Қазалы ауданында жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.
Қазалы ауданы арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы – 427 шақырым, оның 170 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Қазалы теміржол торабының атағы кеңінен танымал. Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған паравоз жөндейтін депо мен «Сұлутам» деп аталған теміржол вокзалы ғасырдан бері халық игілігіне айналып келеді. Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы орыстардың көптеп қоныстануына ықпал етті.
Аудан аумағында Х-ХІ ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы – Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданында Жалаңтөс Баһадүр мен Әйтеке би, Жанқожа батыр мен Ақтан батыр, Жылқыайдар мен Жетес би, Ашабай мен Сырлыбай, Үмбет би мен Қарасақал Ерімбеттей елге әйгілі ерлер мен би–шешендер өмір сүрген.
Абай – ауыл, Сарыкөл ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 14 шақырым жерде, Сарыкөл көлінің жағалауында орналасқан. Іргесі 1928 жылы қаланған. 1928-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болған. Бұрынғы атауы - Авангард ауылы.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
tilder -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет