Ќызылорда облысындаєы


Тасарық – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 60 км жерде. Тасқарамола



бет91/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   203
Тасарық – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 60 км жерде.
Тасқарамола – бейіт. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында.
Тасқасқа – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 101 м.
Таукеткен – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында.
Таушан – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Тебіз – артезиандық құдық. Қазалы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде. «Шөбі қалың ойпаң жердегі құдық» мәніндегі атау.
Тегіс – сор. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Жер бедері тегіс, тегістік, жазық» мағынасындағы атау.
Текеш – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Темірқазған – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Томайкөл – көл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Сырдарияның сол жағасындағы Жуанқұм жазығында орналасқан. Ұзындығы – 7,5 км, ені – 1,0 км, терең жері – 3,5 м, ауданы – 2,6 шаршы км. Көл бірімен-бірі тіркес үш бөліктен тұрады. Жағалауы жазық, кей телімдерде құм шоқаттар кездеседі, шығанақтармен тілімделген. Көлдің деңгейі құбылмалы. Көктемде Сырдария тасығанда көтеріледі, жаз ортасында көлдің деңгейі төмендеп, жағадан алыстайды. Суы ашқылтым. «Томайдың көлі» мәніндегі атау.
Төртмолда – бейіт. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Тұрымқазған – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Тереңдігі – 6 м, шығымы – 100 л/с. «Тұрым деген кісі қазған құдық» мәніндегі атау.
Түбек – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 53 км жерде. Атау түб (түп) + ек (қосымша) сөздерінің негізінен жасалған. Моңғол тілінде тов – «түп, орталық» ұғымын береді. Атаудың мағынасы: «негізгі, орталық, кіндік» дегенді білдіреді.
Түйте – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Ру не кісі есімінен қойылған атау.
Түктібаев – ауыл, Алға ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 55 км жерде, Сырдарияның сол аңғарының жайылымында, Түктібаев каналының жағасында орналасқан. 1985 жылға дейін Октябрь, одан кейін Майдакөл деп аталды. 1966 жылы күріш өсіретін «Октябрь» кеңшарының орталығы болды. Ауылға 1985 жылы осы өңірде туып-өскен Кеңес Одағының батыры Ү. Түктібаев есімі берілді.
Түктібаев каналы – жасанды су арнасы. Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Бастауын Басықара бөгенінен алады. 1957 жылы салынған. Ұзындығы – 88,7 км, су өткізгіштігі – секундына 100 текше метр, бойында 52 гидротехникалық құрылыстар бар.
Тігіндіқос – құдық. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында. «Басында қос тігілген құдық» мағынасындағы атау.
Ұзақбай – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ұзынмола – бейіт. Шеңгелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде.
Ұзынтам белгісі – 11-12 ғасыр сәулет өнерінің ескерткіші. Қазалы қаласынан батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Цилиндр тәрізді жасалып, шикі кірпіш пен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Мұнараның диаметрі – 7 м, биіктігі – 10 м, көлемі – шамамен 300 шаршы км.
Ұялы – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Үйрек – елді мекен атауы, Қарашеңгел ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығынан 10 км қашықтықта. Іргесі 1931 жылы құрылған. Елді мекенде 13 отбасы тұрады, тұрғын саны – 86.
Үркінді - ауыл орны. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде.
Үшқызыл – қоныс. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Үш және қызыл сөздерінен жасалған атау. «Биіктігі әр түрлі осы өңірдегі үш қызыл түсті тау» мағыналарын береді.
Үштам – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Көне түркі тіліндегі там – «баспана», «үй», қырғыз тілінде там «шымнан тұрғызылған үй». Осыларға сүйенсек, Үштам «әу бастан сол жерде үш там болған, үш там салынған» дегенді білдіреді.
Үштам – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Ханқазған – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. «Хан қаздырған құдық» мәніндегі атау.
Ханшыққан – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 96 м. «Бір кезде басына хан көтерілген төбе» мәніндегі атау.
Шабанқазған – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Шағарақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Шағырлы І, ІІ қамалдар – Шағырлы І Қазалы ауданы Жосалы темір жол стансасының оңтүстік-батыс жағында 155 км жерде. 1946, 1957 жылы Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қамал тік төрт бұрыш, аумағы – 55 х 50 м, дуалының биіктігі – 4-5 м. Оның үстінде жасақтар тұратын екі қатар қорғаныс шебі бар. Дуалдың астыңғы жағы пахс пен шикі кірпіштен соғылған.
Шағырлы ІІ қамалы Шағырлы І қамалының оңтүстік-батыс жағында 5 км жерде. Құрылыс жүйесі дөңгелек күмбезге ұқсас. Аумағы – 15 м. Қамалдардан теріп алған қыш-құмыралардың және темір пышақтың сынығына қарағанда Шағырлы б.з.б. 1-ғасырдың аяғында салынған.
Шалпақ – ауыл орны. Қазалы қаласынан батысқа қарай 38 км жерде.
Шаңқор – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Шарқияз – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Шауқар – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Шәкен – ауыл, ауылдық округ орталығы. Ауданның Қарақұм беткейін алып жатқан Шәке ауылдық округі Шәкен, Шилі, Шөлқұм, т.б. ұсақ елді мекендерден (Сүлей бұлақ, Абыла, Татанбай, Айбарша, Жақсылық, Тышқанбай, Жанұзақ қазған, Тоғыз құдық, Сахи баз, Әсем, Сапақ, Шоқпар, Шекер, Жетімшағыл) топтастырылып, 2005 жылдың мамыр айында қазіргі Арықбалық ауылдық округінен бөлініп, өз алдына округ болып құрылды. Ауылдың аумағы – 18374 га. Ауылдың негізгі кәсібі – мал, егін шаруашылығы. Аталу себебі, осы жерді мекен еткен Шәкен және Тәпен деген ағайынды мыңғырған малы бар бір бай кісінің есімімен қойылған деседі. Шәкен екі ағайындының үлкені болған. Осы жерде екі ағайынды жігіттен ұрпақ өрбіп, Шәкеннің ауылы атанып, осы берекелі жерге малшылар қоныс теуіп, бертін келе Шәкен ауылы деп ауызша аталып кеткен.
Шеңгелді – ауыл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 200 км-дей қашықтықта. Бұрынғы атауы – Қызылқұм ауылы. «Шеңгел қалың өскен жер», «шеңгелі көп» мәніндегі атау.
Шибұлақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Шилі өңіріндегі бұлақ» мәніндегі атау.
Шиліелді мекен, Шәкен ауылдық округінің құрамында. Қалың шилі аумаққа халық көптеп шоғырланып, осы жер ел аузында Шилі ауылы атанған. Кезінде осы жердің шиінен малшылар ағаш үйге ши орып тоқыған екен.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
tilder -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет