Ақтайлақ – темір жол бекеті. Қызылорда қаласынан солтүстік – батысқа қарай 14,5 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ақсуат – ауыл, ауылдық округ орталығы. 1994 жылдан бастап Ақсуат ауылдық округіне Кеңес Одағының батыры Жақыпбек Махамбетов атындағы ауыл (бұрынғы С.М.Киров атындағы совхоз) және «Наурыз» саяжайы, Жаңадария каналы бойында орналасқан шағын елді мекендер қарайды. Жаңадария каналының қасындағы «Ойшеңгел» деген жер мен дария арасында қамыс өскен алаңқай жер «Ақсуат» деп аталады. Дарияның табаны болған бұл жерге шеңгел шықпай, қамыс шыққан.