«Жас сәулетші» үйірмесіне қатысатын оқушыларды 2013-2014 оқу жылындағы жүргізілетін үйірме жұмыстарымен таныстыру
МАҚСАТЫ:
Бірінші курс оқушыларының арасынан қабілетті, сабаққа белсенді, еңбекке бейімді, ең мықты оқушыларды анықтау және үлгірі нашар оқушыларға көмек беру
а) білімдік мақсаты: Құрылыс жұмыстарына бейімдеу,теориялық білімін іс жүзінде дұрыс қолдана білуге дағдылау.
ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, өз мамандығына жауапкершілікке тәрбиелеу;
б) дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз еркімен ізденіп, ой-өрісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту
МІНДЕТІ:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білімін бағалау, ой-өрісін кеңейтіп, тұжырымдар жасатып, өз ойларын айта білуге дамыту .
Үйірме жұмыстарына қатысатын оқушыларды жүргізілетін жұмыстар жоспарымен таныстыру.
ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Үйірме мүшелері міндетті болатын жиналыстардан қалмауы керек
Арнайы отырыстарды міндетті түрде ұйымдастырып отыруы керек
Үйірме мүшелері жоспарға сай жұмыстар атқаруы тиіс
Үйірменің кезекті отырыстарында өз ойларын ортаға салуы керек, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білуі керек
Әртүрлі мәдени, ғылыми кештерді ұйымдастырып студенттер мен бірге ой бөлісіп отыруы тиі
Достарыңызбен бөлісу: |