Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет19/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom

Қазақ әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі 
Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. 
 
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді 
 
Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып 
жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді 
ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдіріндей 
осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп 
тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан 
жаман жандандырып, құбылдырып тұрды. 
Маған қарап Шұға күлді. 
- Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп 
сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. 
- Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға. 
Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау 
киінген. Тани кеттім. 
- Әбдірахман ғой, - дедім. 
- Әбдірахманың кім? 
- Қазақбайдың баласы. 
- Ия, әлгі учитель баласы ма? 
- Ия. 
- Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. 
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан 
Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді. 
...Әбдірахман мектепті бітіргенде, дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой
учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай 
елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп, песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол 
деп жабысты, оған да болмады. Жамантік болысындағы бір байдың школына барып, бала 
оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас 
кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе?» - 
деп қалжыңдады.Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, 
бізді көрген соң жым болды. 
(247 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет