Байланысты: 11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
«Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың БАҚ
тілшісіне берген сұхбаты.
—
Қайрат Серікұлы, еліміздегі туристік саланың жалпы беталысы қандай? Биыл бұл салада қандай өзгерістер болады? — Туризм - көптеген елдерде басымдыққа ие сала. 2030 жылы 1,8 млрд. адам
ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады.
Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем жұртшылығы Қазақстанда демалу
мүмкіндіктері жайлы, туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар
екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы енді ғана біліп жатыр. Қазақстанда
динамика жақсы. Келушілер туризмі бойынша,орта есеппен, жыл сайын 10%-ға өсіп
келеміз. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын
таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамдар саны көбеюде.
Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын
Қазақстанда өткізеді.
Туризм салалары туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және
саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Біздің елде эко және этнотуризм
46%-ға дейін артуда.
— Эко және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік келушілер арасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте аласыз? — Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңірде ең көп
туристерді қабылдайтын «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны «Жетісу»
деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, «Көлсай» көлін, «Қайыңды» көлін, Шарын
шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді.
Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп
тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар: адамдар
табиғатта демалу үшін атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді.
(234 сөз)