Қызықты қазақ тілі (7 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен факультативтік курс бағдарламасы)


- тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар



бет48/51
Дата06.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#79239
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Қазақ тілі авт жұмыс ЖҰЛДЫЗ

4- тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.
1.Тіл жетпейтін-.................. дүниенің сәні
2.Тілдің құлпы-................... үйлесе біледі
3.Сөйлесе білген, ............... тіс
4.Тәтті сөз............................ түпкір жоқ
5.Сөз-.................................... тас балқытады
5- тапсырма: Даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөзді қалай тсінесің?. Өз ойыңды жаз.


32. Тіл тағдыры-ел тағдыры.
1- тапсырма: Мәтінді оқып, төменгі тапсырмаларды орында.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
I деңгей
2. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,


Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың


Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,


Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М.Жұмабаев)


II деңгей



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет