Қызықты қазақ тілі (7 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен факультативтік курс бағдарламасы)



бет43/51
Дата06.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#79239
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Қазақ тілі авт жұмыс ЖҰЛДЫЗ

Мағынасын түсіндір.
1. Көзді ашып-жұмғанша- ..................
2.Таяқ тастам-........................
3.Мұзға отырғызып кету-....................
5.Жұмған аузын ашпау-........................
4- тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
3. Ақ жаулығы ананың-
Ақ көрпесі баланың.
4. Ана көрген тон пішер,
Ата көрген оқ жонар.
5. Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
6. Ұлың үйленсе-ырысың,
Қызың орын тапса-өрісің.
7. Туғаным- туырлығым,
Қарындасым- қазынам.
30. Қоғамдық орындардағы этикет.
1- тапсырма: Мәтінді оқы, негізгі идеясын анықта.
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпайы ғана өткізіп жіберуді сұрайды. Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі. Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды. Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді. 
2- тапсырма. Кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? Ойды жалғастыр.
Кітапханада:
 
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды...................................................................................................................

Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз? 
Мұражай мен көрмеде: 
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді. ........................................................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет