22есептің шешуі:
Белгісіз екі А және Б тұздарын қақтаған кезде келесі өнімдер түзіледі: ZnO – мырыш оксиді және жануды қолдайтын түссіз газ (О2 болуы мүмкін) түзіледі. Осыдан, бұл тұздар оттекті қышқыл қалдығынан түзілген деп болжауға болады. Қоңыр түске боялған заттар көп емес, мысалы, NO2, Br2. Егер NO2 газын суытатын болсақ, сұйықтық конденсацияланып одан әрі сұйықтық одан әрі түссіз кристалдар түзіп димерленеді, бұл заттар N2O3 бөгде затымен әлсіз боялуы мүмкін 2NO2 = N2O4
Бұл жағдайда А заты – мырыш нитраты .
2Zn(NO3)2 2ZnO + 4NO2 + O2
2NaOH + 2NO2 = NaNO2 + NaNO3 + H2O.
Бұл болжамды тексеретін болсақ:мырыш нитратының салыстырмалы молекулалық массасы = 189, ал NO2 салыстырмалы молекулалық массасы = 46.
Олай болса, 2189 г нитрат – 100 % массада
Онда 446 г азоттың диоксиді – х % массада,
х = 48,7 %, есептің шартына сәйкес.
Егер Б тұзын ыдыратқан кезде бөлінген қоңыр түсті газдар буы бром болса, онда 2Zn(BrOx)2 = 2ZnO + Br2 + (2x-1)O2/
Қандай оттекті қышқыл қалдығынан түзілген бром тұзының қайсысы ыдырағанын анықтаймыз. Егер тұздың молекулалық массасы Х г болса, онда бром – 160 г, бұдан
х г тұз – 100 %
160 г брома – 40-50%
(егер 48 %, онда х = 333 г, егер 50 %, онда 320 г). Осыған орай, М(тұз) = 320 – 333. Бромның үш түрлі оттекті қышқылдары бар:HBrO, HBrO3, HBrO4, олардың молекулалық массалары сәйкесінше 257, 321, 353, болады. Есептің шартына тек мырыш броматы ғана сәйкес келеді.
2Zn(BrO3)2 = 2ZnO + 2Br2 + 5O2
әрі қарай
6NaOH + 3Br2 = 5NaBr + NaBrO3 + 3H2O.
Азоттың диоксиді мен бромды сілтімен әсер еткенде түзілген өнім күміс нитратымен әрекеттескенде сары түсті тұнбалар пайда болады:
AgNO3 + NaNO2 = AgNO2 + NaNO3
AgNO3 + NaBr = AgBr + NaNO3
Мырыш нитратының бір молінен бір моль натрий нитраты түзілетіні, ал мырыш броматының бір молінен 5/3 = 1,7 моль натрий бромиді түзілетіні реакция теңдеуінен көрінеді.
Екінші жағдайда тұнбаның мөлшері көбірек түзіледі, себебі күміс нитриті бромидпен салыстырғанда анағұрлым суда ерігіш. Күміс нитраты жеткіліксіз жағдайда масса бойынша бромидтер көбірек бөлінеді, себебі оның молекулалық массасы жоғары болады.
23-есеп. Азоттың диоксиді және көміртектің монооксиді бар газ қоспасы аузы жабық ыдыста әрекеттесті. Егер химиялық реакция теңдеуі NO2 + CO = NO + CO2 осылай бимолекулалы механизм бойынша жүретіні белгілі болса, онда қоспа компоненттерінде қандай парциал қысымда бастапқы реакцияның жылдамдығы максимал мәнге ие болатынын анықта. Қандай парциал қысымда компоненттердің бастапқы жылдамдығы 10 рет өзгереді. Екі жағдайда да қоспаның жалпы қысымы мен температурасы бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |