15 есептің шешуі:
Газдардың жалпы моль саны: 1,792 : 22,4 = 0,08 (моль) тең болады.
Q1 анықтау үшін жай заттардан COжәне CO2 түзілу теңдеуіне, алгебралық қосулар жүргізіп, толық теңдеу аламыз: CO + ½ O2а = CO2 + Q1.
3. Q1: Q1 = 395,5 – 100,5 = 283 (кДж/моль) табамыз.
Реакция теңдеуіне байланысты:
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q2
аламыз: Q2 = 393,5 + 241,82 – 74,8 = 802,3 (кДж/моль).
Егер метан молін «х» арқылы өрнектесек, онда көміртек (ІІ) оксидін «у» деп өрнектейміз, онда жанған кезде сәйкесінше 802,3х және 283,0у кДж жылу бөлінеді. Онда жалпы бөлінетін жылу мөлшері: 802,3х + 283,0у = 13,683 тең болады.
Сутекті қосқан сайын жылудың мөлшері ұлғайып отырады, онда бастапқы қоспаның ішінде артық мөлшерде оттек болғанын білдіреді. Реакция теңдеуі бойынша:
2H2 + O2 = 2H2O + 483?6 кДж
осыдан, бастапқы қоспадағы оттектің артық мөлшері мынаны құрайды:
9,672 : 483,6 = 0,02 (моль).
Онда 0,06 моль (0,08 – 0,02) стехиометриялық қоспаға 13,683 кДж сәйкес келеді, метан газын жаққан кезде: (CH4 + 2O2) – 3х моль, ал көміртек (ІІ) оксидін жаққан кезде: (CO + 1/2O2) – 1,5у моль болады.
Осыдан теңдеулер жүйесін аламыз:
3x +1,5y = 0,06
802,3x + 283y = 13,683
Осы жүйені шеше отырып, х = 0,01; у = 0,02 табамыз.
Осыған байланысты, қоспада: 0,01 моль CH4немесе 0,224 л; 0,02 моль COнемесе 0,448 л және 1,12 л O2 бар екенін анықтаймыз.
16-есеп. Колбада концентрленген күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңделген 0,18 г жай жақты. Реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді заттарды ізбес суы арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзілді. Белгісіз А жай затын анықтаңдар. Жауаптарыңды сәйкес есептеулермен реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |