«Тақия тастамақ» ойыны
Ойынға бірнеше бала қатысады. Басында бәрі шеңбер құрып отыруы тиіс. Жүргізуші осы шеңберді айналып жүріп, бір баланың артына тақияны ақырын қойып, қашып кетеді. Егер артына тақия тастағанын көрген ойыншы мұны байқап қалса, онда жүргізушіні қуып жетуге тиіс, ал Жүргізуші шеңбердегі ойыншының орнына отырып алуға тырысуы керек. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жете алмаса, ол өнерін көрсетуге тиіс, мысалы: ән айту, өлең оқу немесе билеу.
«Қыз қуу» ойыны
Ойынға екі салт атты қатысады: қыз бен жігіт. Екі белгі қойылады: сөре және мәре. Шабандоз алғашқы белгінің жанында, ал шабандоз қыз арт жағында одан он қадам арақашықтықта тұруға тиіс. Жүргізушінің белгісі бойынша шабандоз қыз екінші белгіге қарай шаба жөнелуі тиіс. Ол шабандозға жеткен кезде ол оның артынан шаба жөнеледі. Егер шабандоз қызды қуып жетсе, оған қызды құшақтау және бетінен сүю құқығы беріледі. Межелі жерге жеткенде олар кері қайтады, енді шабандоз қыз жігітті қуып жетуге тырысады, ал егер қыз жігітті қуып жетсе, ол жігітті қамшымен ұрады.
Жүргізуші. Ал қазір біз сайысты бастаймыз!
Наурыз қыз. Бірінші сайыс – айтыс!
Айтысты қыз бен жігіт орындайды.
Наурыз қыз. Екінші сайыс.
«Арқан тартыс» ойыны
Наурыз қыз. Үшінші сайыс: кім әнді жақсы айтады немесе билейді.
Әні жүктеу
Минусты жүктеу
«Көктемде» әні
(музыкасы Л. Мельникованікі, сөзі Е. Жазықбаевтікі)
Наурыз қыз. Жарайсыңдар, ал енді бидің кезегі келді!
«Қамажай» қазақ халық биі
Орамалмен орындайтын татар биі
Украин биі
Корей биі
Жүргізуші. Көңіл бөлгендеріңе көп рақмет! Ал біз мерекені әнмен аяқтаймыз.
«Наурыз жыры» әні
(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі)
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 05.02.2020
Достарыңызбен бөлісу: |