Қызықтырып оқыту



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,12 Kb.
#84042
түріСправочник
1   2   3   4
Байланысты:
Наурыз – ұлыстың ұлы күні!

«Қара жорға» биі



Балалар өлең оқиды.
Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай-сайға ақса жылғалар,
Бұл Наурыз хабары.
Ашылып аспан шүмегі,
Жауынмен құм да түледі.
Көкмайса жұмсақ құлпырған,
Бұл Наурыз кілемі.
Бусанып тарғыл атырап,
Нәрленіп торғын топырақ.
Жауқазын өссе күнеске,
Бұл Наурыз – жапырақ.

«Наурыз тойы» әні


(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі)
Әуезді әуен ойнайды, залға Әже кіреді.
Әже. Сәлеметсіздер ме балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын, осы мейрам әр шаныраққа бақыт, табыс, шаттық әкелсін. Әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт-түлігің ақты болсын, қайда барсаң жол болсын.
Жүргізуші. Сәлеметсіз бе, Әже! Бізге келгеніңіз жақсы болды!
Әже. Наурыз мейрамында адамдар бір-біріне жақсылық тілеп, құшақтасып, дастарқан жаяды… Ал қазір мен сендерге маңызды рәсімді көрсетемін…
Наурыз – бұл біздің Жаңа жыл. Наурызда түн мен күн теңеседі, барша адамдар бір бірін құттықтайды, егер адамдар ұрсысып қалса, олар бір бірін кешіреді, бір біріне қонаққа барады. Дастарқан жайылады. Наурыз мерекесінде – Наурыз көже пісіреді, бауырсақ, тәтті жемістер қойылады. Наурыз мерекесінде көп ойын-сауық өткізіледі.
«Тұсау кесу» рәсімін өткізеді.
Әже. Бала алғаш тәй-тәй жүретін кез оның өміріндегі маңызды кезеңнің біріне жатады. Қазақтар оған қатты көңіл бөлген. Баланың алдағы өмірі оның алғашқы қадамына байланысты деп ойлаған.
Ата-анасы баласының бойынан оның жақсы қасиеттерін көргісі келген ауыл тұрғыны немесе туысы тұсау кесу рәсімін мына тілектермен өткізген: «Жүйрік болсын, қадамы оң болсын», яғни тез өсіп, жақсы адам болып шығуы үшін былай деген:
Бiрiншi тiлек тiлесем:
Жер таянып жатпасын.
Екiншi тiлек тілесем:
Жалғыз болып қалмасын.
Баланың аяғына ала жіптен, жасыл шөп пен кептірілген қой ішегінен ширатылған арқан байлаған. Ала жіп ешкімнің ала жібін аттамай, жақсы, адал адам болып шығу үшін. Ал жасыл шөп өсіп-өркендеуді білдірген. Ал қойдың жуан ішегі үнемі тоқ болып, өмірі мұңсыз болсын дегені.
Ала жіпті кескенде ол баланың екі аяғынан түсіп қалмайтындай етіп байлаған. Ол үшін тиынды тесіп, баланың екі бұтының ортасынан жіпке өткізген. Аяғының арасына нан, кәмпит, құрт қойған, ол дүлей күштен қорғаған. Тұсау кесетін адам былай деген: «Қашсаң құтыл, қусаң жет».
Жүргізуші. Әже, төрлетіңіз… Дастарқаннан ауыз тиіңіз, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Наурыз қыз.
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет