Сабақ Әуен және адам көңіл күйі Пәні: мимика және пантомимиканы дамыту



Дата22.08.2017
өлшемі57,71 Kb.
#23852
түріСабақ
Есік қаласының облыстық көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы

мектеп- интернаты

Ашық сабақ
Әуен және адам көңіл күйі

Пәні: мимика және пантомимиканы дамыту (түзету-дамыту )

Мұғалім: Кикбанова Айгерим мукаевна

Сабақ тақырыбы: Әуен және адам көңіл күйі

Сабақ мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау.

- Балаларға әуен, темп және көңіл күй, туралы толық мәлімет беру. Олардың көңіл күйге әсерін,байланысын айқынду.

- әр бала бойына мимика және көңіл күй түсінігін жеткізу және өмірде оны пайдалана алуға дағдыландыру және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Шапшаңдықты шыңдау

- бала бойындағы икемділікті әуен арқылы шыңдау және мимика арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуға үйрету .Сұлулыққа, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу

- оқушылардың мимикалық және жалпы бұлшық еттерін жаттығулар арқылы түзету және дамыту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: аралас

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт. Көңіл күйлерің қалай? Бүгін сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

Оқушы зейінін сабаққа аудару

Ән мен күй - табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.

Өткен сабақты қайталау

- Көңіл-күй дегеніміз не? (Көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.)

- Әуен дегеніміз не? (Әуен, мелодия – (грек.melodia-cаз, әуен)- ырғақ пен әуен арқылы белгілі бір жүйеге түсіп,үйлесім құрған әр түрлі биіктіктегі дауыс қатары, яғни ән немесе күй сазы. Бір дауыстық әуен музыкалық шығарманың көркемдік өзегін құрайды.)

- Көңіл күйдің түрлерін ата? (жағымды, жағымсыз)

- Көңіл күйдің өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

(ішкі және сыртқы жағдайлар. Сыртқы жағдайларға-табиғат, ауа райы, әуен т.б)


Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. 

Жүсіп Баласағұн

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. «Сұрақ - жауап» сайысы

  2. «Суырыпсалма» ақындық өнер.

  3. Мимикакалық жаттығулар ( айнамен жұмыс)

  4. Музыкалық зеректік

  5. Сергіту сәті

  6. Қорытынды

  7. Үй тапсырмасы

  8. Бағалау

Топқа бөлініп, әр топ атын айтып, ұранын айтып таныстырады

«Сұрақ - жауап» сайысы

Әуен

1. Музыкалық қатарда неше нота бар? ( 7 нота )


2. Қуаныш көңіл күйін білдіруде қай бұлшықеттер қозғалысқа түседі?

3. Бірнеше әншінің қосылып ән айтуын қалай дейді? (дуэт)


4. Мимиканың түсініктемесі

5. Оркестрді басқаратын адам

6. эмоцияның ерекшеліктерін қағаз бетіне бейнеле
Көңіл күй

1. « Форте» «пиано» нені білдіреді?

2. Ашуланғанда қай бұлшықеттер қозғалысқа түседі?
3. Дыбыс реңктері әр түрлі аспаптардың бірігіп бір шығарманы ойнауы.
4. Пантомимика дегеніміз
5. Әнұранның әнін жазған?
6. Жесттік қимылдарды қағаз бетіне бейнеле

Біз қосылып ән айтудың тағы қандай түрлерін білеміз? (хор,дуэт,трио,квартет,ансамбль т.б) Олай болса 2 топтан батыл бір оқушыдан шығып, барлығымыз білетін бір әнді дуэт болып орындаса қалай қарайсыңдар? (2 топтан оқушылар шығып ән айтады)



«Суырыпсалма» ақындық өнер. (Әр топ берілген өлең жолдарын жалғастырулары керек және ырғақпен сүйемелдеп әндетіп айтып шығыу қажет)
Әуен тобына:

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап.

Бақыт елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап. – 2 рет

Көңіл күй тобына:
Асқар жүр коридорға барамын деп,
Қайтсем де жоқты тауып......
Үстелге апай жоқта отырып алды,
Өзінше «Мен мұғалім».......

Мимикакалық жаттығулар ( айнамен жұмыс)


Музыкалық зеректік (тақтада жасырылған сұрақтарға жауап беру және әуеннің ырғағына байланысты іс-әрекер көрсету.)

  • Егер бойымыздан ашуды байқасақ не істеуміз керек? Мына музыканы естігенде қандай қозғалыс жасар едің?

  • Көңіл күйді көтеру үшін қандай ас қабылдау қажет? Мына музыканы естігенде қандай қозғалыс жасар едің?

  • Көңіл күйдің көтеріңкі болуына қандай түстер әсер етеді? Мына музыканы естігенде қандай қозғалыс жасар едің?

  • Бидің көңіл күйге әсері.

Сергіту сәті

Ал ендеше қимыл қозғалыспен көңіл күйімізді көтеріп көрейік.



«Веселые ребята» биі

Қорытынды: мына шарларға осы сабақтан алған эмоцияларыңды бейнелеп біздің қонақтарымызға ұсыналық.

Тапсырма:

Дәптерлерімізге достық, адалдық туралы мақал-мәтел жазу.



Қорытынды

  1. Бүгін қандай тақырып өттік?

  2. Бүгінгі сабақтан қандай түйін түйдік?

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет