Қызмет көрсету орталықтарының сараптамасын жасайтын қосымша құрылғының сипаттамасы


Сурет 3.3. Менің жарнамаларым интерфейсінің көрінісі. Android for циклының операторы



бет8/14
Дата23.05.2020
өлшемі1,79 Mb.
#70653
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Сурет 3.3. Менің жарнамаларым интерфейсінің көрінісі.

Android for циклының операторы. for (инициализациялау блогы; цикл денесінің орындалу шарты; санағыштардың өзгеруінің блогы) оператор;

Инициализациялау блогында локальды айнымалыларды беру операторлары үтір арқылы тізбектеліп жазылады. Олардың өмір сүру аймағы for операторымен шектеледі. Сонымен қатар, циклдың сыртында берілген айнымалыларға мәндер меншіктеле алады. Бірақ инициализациялау бір типті айнымалылар үшін ғана жүзеге асады.

Шарт блогында циклдың жалғасы шарттың орындалуына тексеріледі. Егер ол орындалатын болса, цикл денесінің орындалуы жүзеге асады. Оның рөлін оператор атқарады. Егер орындалмайтын жағдай болса, цикл тоқтатылады және for операторынан кейін болатын бағдарлама операторына өту жүзеге асады. Цикл денесінің (циклдың кезекті қадамынан кейін) әрбір орындалуынан кейін санағыштарды өзгерту блогының операторлары орындалады. Олар үтірлер арқылы бөлінуі керек. Мысалы:

for(int i=1,j=5; i+j<100; i++,j=i+2*j){

...

};

for операторының әрбір блогы міндетті емес болып табылады, бірақ айырғыштарды “;” жазу міндетті болып саналады. For операторының ең көбірек қолданылуы – кейбір айнымалылардың мәнін жинақтауы. Осы кезде мәндерді қолданатын операторлар тізбегінің орындалуы және 1-ге азаюы мен ұлғаюы жүзеге асады. Айнымалы циклдың санағышы деп аталады, ал операторлардың тізбектілігі цикл денесі болып табылады.



Мысал1: бірінен кейін бірі келетін сандардың жалпы санын есептеу. 1- ден 100-ге дейінгі барлық сандардың жалпы қосындысын шығаратын циклды жазайық. Нәтижені result айнымалысында сақтаймыз.

int result=0;

for(int i=1; i<=100; i++){

result=result+i;

};



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет