Қызметкерлер туралы ереже


Жұмыс уақыты және демалыс



бет5/6
Дата04.03.2022
өлшемі7,24 Mb.
#134365
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
срс мт

Жұмыс уақыты және демалыс
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады.
5.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi еңбек шартын жасаған кезде ұзақтығы әрбiр нақты жағдайға байланысты белгiленген жыл сайынғы демалысты пайдаланады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы 18 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.
5.3. Кәсiпорын қызметкерiнiң жылдық демалысты алу құқығы егер еңбек шартында өзгеше айтылмаса, еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 12 ай өткен соң мүмкін болады.
5.4. Жыл сайынғы демалыс уақыты алдын-ала белгiленген кесте бойынша берiлуге тиiс. Егер қызметкердiң демалыс алған уақыты кәсiпорынның жұмысына зиян тигiзетiн болса, онда қызметкердiң келiсiмiмен демалыс басқа уақытқа жылжытылады.
5.5. Жоспарлы демалыс уақытының басқа мерзiмге ауысқаны туралы қызметкерге 30 күн бұрын хабарлау қажет.
5.6. Пайдаланылмаған демалыс қызмет­кердiң келесi жылғы демалысына қосылып берiлуi мүмкiн, бiрақ жыл бойы демалыс алмаған қызметкер қажет болған жағдайда кейiнге қалдырылған демалыстың есебiнен ұзақтығы 12 күнтiзбелiк күнге демалыс алуға құқығы бар.
5.7. Жыл сайынғы еңбек демалысын екi жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады, сонымен бiрге 2 жыл пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлеуге де болмайды.
Екi жылғы еңбек демалысын қосып алып, демалыста жүрген кезде жұмыс орнында сақталатын орташа жалақының мөлшерiн анықтау тәртiбi кәсiпорынның iшкi тәртiбi туралы ережеде көрсетiледi.
5.8. Өндiрiстiк маңызды себептерге байланысты кәсiпорынның басшысын немесе қызметкерiн оның келiсiмi бойынша демалыстан шақырып алуға болады. Бұл туралы шешiмдi кәсiпорынның директоры немесе оның орынбасары қабылдайды.
Қызметкердiң жеке басындағы немесе отбасындағы жекелеген жағдайларға байланысты кәсiпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс бере алады.
Демалыстар
6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Iссапарға уақытша жiберiлгендер үшiн еңбек шартын өзгертудiң қажетi жоқ. Егер кәсiпорын тиiстi үй-жай беретiн болса, онда қызметкер iссапарға жiберiлген жерге отбасымен бiрге баруға құқылы.
Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысының келiсiмi бойынша ауыстырылады.
Еңбек шартына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер екi тараптың келiсiмiмен жазбаша түрде ресiмделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет