1.1. Осы ереже кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi. 1.2. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң келiciм-шартта, жарғыда, ұжымдық шартта, осы ережеде реттелмеген еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi заң актiлерiмен белгiленедi. 1.3. Кәсiпорында мамандардың мынадай санаттары болады: кәсiпорынның жұмыскері – кәсiпорынмен еңбек қатынасында тұрған тұлға; кәсiпорынның басшы қызметкерi – директор тағайындаған қызметкер; кәсiпорын қызметкерi – кәсiпорынның директоры лауазымға тағайындаған маман; кәсiпорынның басқа да жұмысшылары мен қызметкерлерi – кәсiпорынның директоры тағайындаған басшы қызметкерлерiнен басқа кәсiпорынның барлық жұмысшылары мен қызметкерлерi. 1.4. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi: кәсiпорынның директоры, оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылады.
Жалпы ережелер 2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабылданатын азаматтармен шарт жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2.2. Еңбек шарты лауазымын, жұмыс орнын, еңбектегi құқықтық қатынастар пайда болған күнi және лауазымдық жалақысының мөлшерi көрсетiлiп, жазбаша түрде толтырылады.
2.3. Еңбек шартын мына жағдайда: құрылтайшылардың шешiмi бойынша басшы қызметкерлердiң шартын жаңа мерзiмге, екi жақты келiсiм бойынша кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын созуға болады.
2.4. Құқықтық қатынастардың пайда болатын және еңбек шартының жасалу күнi еңбек шартында келiсiлген мерзiм болып табылады.
2.5. Еңбек шартын жасау кезiнде жұмысқа қабылданып отырған қызметкердiң сол лауазымға сәйкестігін бақылау үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
2.6. Сынақ мерзiмi басшы қызметкер үшiн де, қатардағы қызметкер үшiн де 3 айдан аспауға тиic, ал басқа жұмысшылар мен қызметкерлер үшiн — 2 ай болады. Қызметкер ауырып қалса немесе басқа себептi жағдаймен жұмыста болмаса, онда ол кезең сынақ мерзiмiне енбейдi.
Жұмысының нәтижесi кәсiпорынды қанағаттандырмаса, қызметкер жұмыстан босатылады.