Жұмысқа қабылдау 3.1. Кәсiпорын қызметкерлерi ҚР заң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген демалыс, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамтамасыз ету және жұмыс режимiне қатысты барлық құқықтарды пайдалана алады.
3.2. Кәсiпорын қызметкерлерi белгiленген уақытта кәсiпорын басшыларына кiрiп, өз жұмыстарына байланысты мәселелердi айтуға құқылы.
3.3. Кәсiпорын әкiмшiлiгi ұжымдық шартта көзделген шаралардың орындалуы туралы еңбек ұжымы кеңесiнiң алдында есеп бередi.
3.4. Қызметкердi жұмысқа алғаннан кейiн оның басшылары қызметкердi құрылтай құжаттарымен, ережелерiмен, еңбек шартымен және iшкi еңбек тәртiбiмен, лауазымдық нұсқаулықпен таныстыруға тиic.
3.5. Кәсiпорын қызметкерi:
— ҚР қолданылып жүрген заң актiлерiн бұзбауға, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға, тиiстi басшылардың өкiмдерiн орындауға;
— кәсiпорынға немесе оның қаржысы мен мүлкiне зиян келтiретiн әрекеттердi жасамауға міндетті.
3.6. Әкiмшiлiктiң қызметкерден еңбек шартында көрсетiлмеген жұмыстарды талап етуге құқығы жоқ.