Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру 7.1. Кәсiпорындағы қызметкерге кәсiпорынның өзi қызметкермен келiсе отырып белгiлеген мерзiмдi ақы, кесiмдi ақы немесе еңбекақы жүйесiнiң басқа түрi бойынша жалақы төлейдi.
7.2. Әрбiр қызметкердiң жалақысы оның жұмысының нәтижелерiне байланысты белгiленедi және ол белгiлi бiр жоғарғы мөлшермен шектелмейдi.
7.3. Кәсiпорын еңбекақы жүйесiне қосымша ретiнде жекелеген кезеңдерге жұмыстың нәтижесi үшiн үстемақы материалдық ынталандыру және сыйақы, сыйлықақы белгiлеуi мүмкiн.
7.4. Басшы қызметкерлерге және қызметкерлерге штаттық кесте бойынша олардың атқаратын қызметiне байланысты жалақы белгiленедi.
Бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесiнiң, сонымен бiрге қол жеткен табыстары үшiн кәciпорын директорының жекелеген қызметкерлерге дербес жалақы төлеуге құқығы бар.
7.5. Кәсiпорынның қызметкерi жәрдемақылар мен әлеуметтiк сақтандыру бойынша жеңiлдiктердi пайдалана алады.
7.6. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң сол уақыт немесе кезең iшiнде негiзгi жұмыс орнындағы негiзгi жалақысы сақталады.
7.7. Қызметкердi жұмыстан босатқан кезде оған тиiстi барлық төлем сомалары сол жұмыстан босатылған күнi төленуге тиiс.
Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары:
— алғыс айту;
— бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықақылармен марапаттау;
— лауазымдық жалақыны көтеру және дербес үстемеақы белгiлеу;
— лауазымын көтеру болып табылады.
8.2. Кәсiпорын қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк шаралар:
— ескерту;
— сөгiс;
— тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмысын дұрыс орындамағаны үшiн еңбек шартында көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен босату болып табылады.
Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар